"Халыққа көмектесемін деп митингіге шыққан": Белсенді Бердах Бекетовтің отбасы президенттен араша сұрады

Белгілі блогер, қоғам белсендісі Бердах Бекетовті бейбіт митингке қатысқаны үшін полицейлер ұстап әкетті. Қаңтардың 21-і күні ұлды болған Бердах перзентін көріп те үлгермеген. 22-сі күні оны құқық қорғау қызметкерлері ұстап әкеткен. Бердах Бекетовтің жақындары мән-жайды түсіндіріп, президент Тоқаевтан араша сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бердах Бекетовтің анасы мен әпкелері бастаған топ мемлекет басшысына видео-үндеу жолдады. Олардың айтуынша, Бердахтың бейбіт митингіге қатысқаны рас. Оны жігіттің өзі де мойындайды. 
"Алайда ол ешқандай қылмысқа, бұзықалыққа барған жоқ, ешкімді тонаған жоқ. Жаралы адамдарды ауруханаға тасып, қолынан келген көмегін аямады", - дейді Бердахтың отбасы.

Жақындарының айтуынша, ешқандай қылмыс жасамаса да, Бердах екі бірдей бап бойынша айыпталып отыр. Қазіргі уақытта СИ-18 тергеу изоляторында жатыр. 

"Бекетов Бердахты жиырма екісі күні "митингке қатысты " деген айыппен бүгінгі күнге дейін тергеу изоляторында ұстап отыр. 21 күні дүниеге ұлы келді. Бөпесін перзентханадан шығара да алмады”, – дейді Бердахтың отбасы.

Туыстарының айтуынша, Бердах елі үшін барын беретін азамат. Ол Арыста жарылыс болған кезде зардап шеккендерге көмектесіп, арнайы алғыс хат алған. Мақтааралды су алғанда, еріктілер тобын жинап, оларға жетекшілік етіпті. 

“Ел басына күн туған карантин кезінде де халыққа ИВЛ аппарат іздеп, тегін маска таратып, көмек қолын созды. Елім деп жүрген ұлдарыңызға жала жабылып, нақақтан нақақ айыпталып кетпесін деген тілекпен бүгін біз Бердахты қолдап ең алдымен өз халқымызға, жалпы қазақ жеріндегі барлық бауырларымызға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, жоғарғы билікке, барлық ақпарат құралдарына өз үндеуімізді жеткізбекшіміз. Нәрестесін көріп те үлгермеген, халық үшін шырылдап жүрген, елдің ұлы Бердах Бекетов босатылуын сұраймыз", - дейді белсендінің жақындары. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста