Интерьер мамандар үй салған соң ең алдымен оны қай стилде безендіру қажеттігін анықтап алу туралы кеңес береді. Өйткені кез келген үйдің сәнін кіргізетін жақсы жасалған жөндеу жұмысы ғана емес, интерьеріне мән беру де маңызды рөл атқарады. Осы орайда әлемде кең таралған үй безендірудің бірнеше стильін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Сізге қай стиль ұнайды?
Скандинавиялық стиль
Бұл стиль суық өңірлерде кең таралған. Сондықтан жылу мен жарыққа аса мән беріледі.
Эклектика
Бұл стилде сәйкес келмейтін нәрселердің өзінен жарасым табу, сәйкестендіру көзделеді.
Лофт стилі
Бұл жерде сырланбаған трубалар мен, әрленбеген кірпіштердің өзінің бұл стилге сән беріп тұруы көзделеді.
Минимализм
Артық ештеңе жоқ.
Прованс
Бұл жерде теңізге, күннің энергиясына аса мән беріледі.
Суреттер adme.ru сайтынан алынды.