Шоу бизнестегі артық салмақтан арылған нәзік жандылар (фото)

Шоу бизнестегі артық салмақтан арылған нәзік жандылар (фото)

Жұлдыз болу — оңай емес, халықтың алдында жүргендіктен әрдайым әдемі болу міндетті. Сол себепті де танымал жандар артық салмақ жинамай, сымбатты қалпын сақтауға тырасады. Baistars.kz сайты көрермені үшін жаттығу жасап, диета ұстап арықтаған жұлдыздардың тізімін ұсынады.


1) Қазақ телевизиясына жақсы таныс, «Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызы тез толуға бейім адамдардың қатарынан екен. Ол өзінің тез арықтауына негізгі себеп болған дұрыс тамақтану деп есептейді. Cондай-ақ, Ләйлә ханым жаттығу залдарына баруды ұмытпаған. Қалай арықтағаны туралы тележүргізуші: «Жаттығу залдарына уақытылы бару қиындау болды. Бірақ нәтижесі көп күттірмеді. Негізі, әйелдердің басты проблемасы — тойған кезде ауызды тию, артық тамақ жемеу. Сонда бәрі дұрыс болады» -деп күледі.


2)Лирикалық әсем әндерімен халық талғамынан шыға білген Зарина Омарова да бір кездері артық салмақ жинап алды. Әншінің сахнадан көрінбей кетуінің басты себебі — Зарина екі баланың анасы танып, жеке өмірін қолға алған болатын. Аяғы ауыр кезде артық салмақ қосып алған әншінің арнайы диетасы жоқ. Тек аз-аздан жиірек тамақтанып тұру керек деп есептейді. Әнші жарты жылдың ішінде 24 кг тастап, қазіргі кезде 52 кг.


3) Superstar.kz» жобасы арқылы танылған Мақпал Исабекованың дауысы көрерменге ұнағанымен, артық салмағы көзге көрініп тұратын еді. Алайда, өнер жолына түскен әнші дене сымбатын да қолға алды.


4)Ақбота Керімбекова эстрадағы толық әншілердің қатарынан болған. Тек соңғы жылдары дене сымбатын қолға алған әншінің өзгеруі көп тыңдармандарын таң қалдырды. Әнші сұхбаттарының бірінде артық салмақ туралы сұраққа: «Бұл маған әбден жауыр болған тақырып, ылғи да алдымнан шығады. Мен сахнаға жалаңаш шығып жатыр ма екем, әлде қып-қысқа киiммен жұртты мезi еттiм бе екен? Осындай «сын-сымақтарды» түсiнбеймiн. Киiмiме сын айтылмас үшiн бәзбiреулер секiлдi жартылай жалаңаш шығып, төсектiң үстiнде әрi-берi аунап жатайын ба? Мен өзiме қонымды киiмдi киемiн. Пәленбай ақшаға тiктiрiп, бiр-екi рет қана киiп, ысырап жасап нем бар? Затым әйел болса да, табиғатымнан қымбат киiм мен жылтыр әшекейге құмар емеспiн»-деп жауап берген.


5)Алтынай Жорабаева 4 қыздың анасы атанған Алтынай Жорабаева 94 келі салмаққа дейін толған. Әнші арықтау үшін арнайы диеталар мен жаттығулар жасап, біраз салмақ тастағандығын айтады. Қазір әнші 58 кг.


7)Музыкалық продюсер Бағым Мақсатқызы дене бітімі арықтардың қатарынан емес-тін. Дегенмен, Бағым ел адында жүргендіктен артық салмақ тастап, қазіргі кезде шоу бизнестегі өте сымбатты ханымдардың бірі.

baistars.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста