"Сендерге қидым ғұмырымның қалғанын": Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі жайлы естеліктермен бөлісті

  • 40
"Сендерге қидым ғұмырымның қалғанын": Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі жайлы естеліктермен бөлісті

Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің Instagram-дағы парақшасында марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өзіне жазған өлеңдерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Сенесің бе?

Бір өзіңнен басқа жаннан бір жақсылық көрмеппін, 

Дарын қонған асыл жанға еркіндікті бермеппін.

“Махаббат бар, жетеді” деп қолды көп жыл сермеппін,

Мен жолыңды аша алмаппын, жібек жіппен кермеппін. 

Дірілдеген әр әніңді моншақ жасап термеппін.

Сенесің бе?

Бір өзіңнен басқа жанмен жақсы оюды өрмеппін. 

Қайтпас ғұмыр, неге сонша, неге сонша, неге сонша, терлеппін?” – деген өлең жолдары көпшілікті бейжай қалдырмады.

“Керемет”, “Сізге деген махаббатының мәңгілік екенін білдіріп кетіпті”, “Жүрекпен ұғынысқан сүйегі асыл азамат”, “Мынадай өлең тудырған Мақпал бақытты ғой”, “Шын махаббатты сезінудің өзі бір бақыт”, “Сізге ғашық болған екен ғой”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Желідегілердің айтуынша, өнер иесі бөліскен тағы бір өлеңдерінің бірінде Заманбек Нұрқаділов өзінің дәм-тұзы таусылатынын білгендей жазған.

“Байқамаппын салмағын, 

Өмір зілін, жалғанын.

Махаббат бар деп өзіңмен,

От боп лаулап жанғанмын.

Жаным, енді төзерсің,

Тағдыр басқа салғанын. 

Жақсы басар жаманды,

Алла айтар талғамын.

Жаратқан ием қаласа,

Күшейтер саған қорғанын.

Жау жеңіліп, сен жеңіп,

Үзерсің шынжыр торларын. 

Әсем ән әлі құлпыртар,

Жарық айдың толғанын.

Елің көрер ертең-ақ,

Мерей сендей болғанын.

Сендерге қидым қайшымен,

Ғұмырымның қалғанын.

Өнерді мәңгі алғасың,

Алла берсін жалғасын”, – деп жазылған естеліктерінде.

“Зәкеңнің 2005 жылы тамыздың 26-сы күні Мерей екеуімізге жазғаны. Топырағың торқа болсын, Зәке. Біз ешқашан сізді ұмытқан емеспіз. Сол өзіңмен кірген шаңырақтамын. Бұл үйге 1994 жылы қараша айының 20-сында кірген едік. 2024 жылы 30 жыл болады екен”, – деп жазба қалдырды Мақпал Жүнісова.

Өлеңді оқыған оқырманның: “Жаны жәннатта болсын. Ол кісі өмірден өтерін сезген болып тұр ғой” деген сөзіне әнші: “Сезбесе, осылай жазбас еді ғой” деп жауап берді.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 210
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 264
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста