Шахматшы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты

Шахматшы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты

Танымал қазақстандық шахматшы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік тұрмыс құрды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Халықаралық шахмат шебері қуанышты хабармен Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Белгілі болғандай, күйеу жігіт – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы, 34 жастағы Нұрахмет Нұриев.

 

«Барған жеріңізде бақытты болыңыз! Бүгін отандық шахматтың мақтанышы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік тұрмыс құрды. Жас отбасыға бақыт, береке тілейміз!», - деп құттықтады Қазақстанның шахмат федерациясы.

 

Айта кетейік, Жансая Даниярқызы Әбдімәлік 2000 жылы Алматы қаласында туған. Ол бес жасында шахмат ойынының ережелерін үйренді, ал жеті жасынан шахмат мектебінде жаттықтырушы Николай Перегудовтың жетекшілігімен оқыды. 2007 жылы қаңтарда өз жасындағы қыздар арасында Қазақстан чемпионы атанса, 2008 жылы да 8 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 10/11 нәтижемен жеңімпаз атанды. Ал 2011 жылы 12 жасқа дейінгілер арасында 8/9 ұпай жинап, әйелдер арасында халықаралық шебер атағын алды, қыздар арасынды әлем чемпионы атанды.

 

2021 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жансая Әбдімәлікке «Құрмет» орденін табыс етті. Ал 2022 жылы жаңадан құрылған Алматы шахмат федерациясының құрметті президенті атанды.

 

Тамыз айында шахматшы қыз 2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы тақталар арасында қола жүлдегер атанды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста