"Пәлен күні ҰБТ тапсыратын едім, қорқынышымды қалай жеңсем болады", "ҰБТ тапсыратын түлекке қандай кеңес бересіз" деген хаттар көбейді. Шамамның жеткенінше ақылымды айтып, өз қыздарымның тәжірибесімен де бөлісіп бақтым.
⠀
Бұл ҰБТ бұрынғыдан өзгерек болады деп күтті ғой ел. Алдыңғыдай емес, осы жолы арақашықтық бір метр, одан бөлек ең басты қорқыныш министірдің айтқан сөзі еді-ау: "Шпор, телефонмен ұсталғанға бірден акт толтырылып, тестілеуден алыстатылады" деген жоқ па?!
⠀
Бірақ мына видеоның бір шетіне қарасаң баяғы жартас сол жартас, "кто успел, тот и съел" болып тұрған сияқты.
⠀
Енді бұл ҰЛЫ БІРЫҢҒАЙ ТӨҢКЕРІС (ҰБТ) білім көрсеткіші бола ала ма?
Әй қайдааам... Көшірген баланы көшірткен комиссия мен мұғалімді кінәләп жатыр шулап бәрі.
⠀
Шындығында кінәлі кім?
⠀
Мектептің рейтінгісін ойлап есі шыққан директір ме?
11 жыл бойы берген білімді қойып, шпаргалкі пайдалануды үйретуге көшкен мұғалім бе?
Бала грантқа түспесе, "қалай оқытам" деп сасқан ата-ана ма?
Келсін- келмесін әйтеу грант алайын деп жанталасқан оқушы ма?
⠀
Тестілеу жүйесін өзгертсе, ЖОО-на түсу форматын ауыстырса, сонда барып әділет орнайды мүмкін.
⠀
Десе де, сәттілік саған жас талапкер!
Шарықта!
Самға!
Талма!
Есіңде болсыншы, бұл тестілеу сенің тағдырыңды шешпейді!
Ең бастысы - адал болу!
Адам боп қалу!
Аллаға тәуекел ет! Білімеңе сен! Әр нәрсенің қайыры бар!
⠀
Ұл-қызы ҰБТ тапсыратын замандасым, бәріңізге Алла жар болсын! Қандай ұпай алып шықса да балаға оны қолдайтынымызды білдіретін сәт жетті!
⠀
Сіздер жақтағы тестілеу жайы қалай боп жатыр?
Біздің кезіміздегі емтихан жақсы еді иә
Инстаграм парақшасынан