Қазақтың Дәулеті:"Еркекпін деп кеудесін керетін еркексымақтарға айтарым..."
Еркекпін деп кеудесін керетін еркексымақтарға айтарым...
Әуелі өсекті таста
Сайқал күлкіні таста
Оң сол жүрісті таста
Арақты темекіні таста
Түкке пайдасы жоқ алқаштарды таста. Қу сүйек намысы жоқ көкіректеріңді кере бергенше отбасыңа көңіл бөл. Көшедегі ж***птердің көңілін тапқанша, бала-шағаңа қарап отырған қатыныңның көңілін тап. Сонда ол да солмайды, жайқалады жайнайды. Жан-жағына нұрын шашып балаға бар мейірімін төгеді. Анау дос сымақ достарының көңілін тапқанша, ата-анаңның, бауырларыңның, туғандарыңның көңілін тап. Оңды солды жүріс жүргенше, оң солыңды танып ал. Бірге отырып ішкендерді досым деп жақын тартқанша, көршіңе көңіл бол. Баланы туғыздың бақ, қара оңайшылықпен дүниеге келген жоқ. Бала туу оңай емес. Оңай болса туыңдар көрейік. Қабырға емес қамыс басқан кеуделеріңді кере бергенше. Айналаңдағыларды нұрландыр. Жалпы айтпағым бет алды жүріс құртқан ақшаларыңа үй ал. Машина ал. Тагы үй ал. Артық па жина. Одан да артылады ма мұқтаждарға бер. Сендердің ішкен сасық судың кесірінен қаншама әйел заты қорлықта өмір сүруде. Ми емес сабан толған бастарыңның кесірінен бәрі де. Ұялмай осыдан кейін қалай бір саты жоғары тұрасыңдар. Миларыңды мақалмен емес ақылмен жұмыс істетіңдер. Сонда ғана қоғамда тәлім тәрбие болады. Адамдар әкесінен мейірім көрмеген соң өскенде қалай мейірімін жан жағына шашады?! Арақ деген сатылмаса екен
Өтініш шығарып жатсаңыз анон болсыншы... #Жанайқай #ТүнгіЧат