Әнші Альбина Шардарова кеудесі, іші ашық киім киемін деп көпшіліктен сөз естіп қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ренжімеңіз, бірақ мына киіміңіз кішкене ыңғайсыздау", "Киіміңіз жараспайды, ішіңізді тарту керек. Майларың қатты көрініп тұр. Ренжімеңіз, сізге әдемі көйлектер жарасады", "Альбина мына образың болмады, қарның қампиып, ішің жылтырап, негізі әп-әдемі қазақтың қызысың. Немесе қарныңды тарту керек еді", "Ішіңіз шығып тұр. Онша жарасымды емес сияқты. Кеуде де сәл ашық, ерсілеу. Көз алдымызда Альбинаның киім киісі бөлектеу болатын", - деп жазды олар.