Қайрат Нұртас: Жүрегім соғып тұрғанша, сендер үшін жанымды берем

Қайрат Нұртастың әсерлі жазбасы елді сүйсіндірді. Әнші кенже ұлын туған күнімен құттықтап, жүрекжарды жазба арнады. Желідегі және өнердегі достары құттықтап, тілегін білдіріп жатыр. 

“Құлыным менің, туған күніңмен! Жүрегім соғып тұрғанша, сендер үшін жанымды берем, құлындарым”, – деп жазды Қайрат Нұртас.

Қайрат Нұртастың кенжесі Хан 7 жасқа толды. Анасы Жұлдыз Әбдікәрімова ұлының туған күнін қалай қызықты өткізгенін айта кетті. 

“Хан балам, ән балам, жан балам. Бүгін өзі 7 жасқа толып жігіт болды. Алла жетем дегеніңді жолыңа, алам дегеніңді қолыңа берсін, құлыным. Ауырып тұрса да, анашым уайымдайды деп басқа бөлмеге барып, көрсетпей жөтеліп алады. Сыныбындағы ең тәртіпті жігіттердің бірі екен. Үйде де заттары өз орнында тұруы керек. Бала деген аты болмаса, санасы мен жүрегі үлкен. Аман жүр, ел азаматы атан. Ханға бәрі ұнады. Құттықтауларыңызға рақмет, Алла бізге тілегендеріңізді еселеп қайтарсын”, – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

“Бүгін біздің Хан баламыздың туған күні. Деніне саулық, ұзақ та ғұмырлы өмір тілеймін! Құлынымның құлыншағы, атыңа затың сай, еліміздің мықты азаматы болып ер жетуіңді Алла қабыл етсін!”, – деді Гүлзира Айдарбекова. 

“Құтты болсын!!!”, – деді Айқын.

“Ғұмырлы болсын”, – деді Берік Айтжанов.

“Кенжеңіздің туған күні құтты болсын! Атына сай, елдің алды болсын. Сіздерді қуанта берсін”, – деді Альбина Шардарова.

“Өмірі ғұмырлы болсын, биіктерден көріне берсін әкіесі сияқты әнші болсын”, “Ханёк, туған күнің құтты болсын, денсаулығың мықты болсын, жаным”, “Құтты болсын, Аллаһ тағалам тіл көзден сақтасын! Керемет үлгілі етіп өсіре бер! Болашағы жарқын жігіт болсын”, – деп жазды желідегілер. 

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста