"Өз үйіңізден өлік шығып, ауру табылмаса болды ма?": Ақын Мұхтар Ниязов тойшыл қазақты сынады

"Өз үйіңізден өлік шығып, ауру табылмаса болды ма?": Ақын Мұхтар Ниязов тойшыл қазақты сынады

 Танымал айтыскер ақын Мұхтар Ниязов қалыптасқан жағдайға қарамастан той жасап, сауық құрып жүрген қазаққа тоқтау айтты.Өзі де жақынынан айырылған ақын дерттің қауіпті екенін ескертуді ұмытпады.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Тоқтамай той жасаушы сауыққой ағайын, "ауырған адамды көрсет" дедіңіздер, "өлген кісіні көрсет" дедіңіздер. Сенбедіңіздер. Өкінішке орай бәрін артығымен көріп отырсыздар. Енді "короновирустан өліп, қайта тірілген адамды көрсет" демесеңіздер болды ғой енді. Келінді түсір де, некесін қиып кіргізіп ал үйіңе. Қызыңды да батасын беріп жібере бер. Болмаса кейінге ысыра тұр. Туған күн дейсің бе, Абылайсың ба, Абайсың ба, мың жылда бір туып жатқан, құтты болсын туған күнің, болды ешкімді жинама. Жаназа шыққан үйлер де түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Бүгін жақсы көретін жақын жездеміздің жаназасына жете алмай отырмын. Дәрігерлер рұқсат бермейді. Тойдың арты топалаңға ұласып жатыр, тығылып жасап, жасырынып атқара бермей, қойсаңыздаршы енді. Иіс сезбейміз, дәм сезбейміз дейміз, осындай қауіп пен өлімнің иісі мен дәмін сезбесең әрине солай болады. Тоқтайық шамалы. "Өзім жемейтін құйрық боғымен піссін" дегендей, өзіңізден үйіңізден өлік шығып, ауру табылмаса болды ма, той жасай бересіз ба? Ұят қой енді", деп жазды ол.

Еске салсақ, қазір елімізде коронавирус дертінің өршіп бара жатуына байланысты қатаң карантин жаряланған. Ал бұл кезде той жасауға, көшеде үш адамнан артық бірге жүруге, халық көп жиналған жерге баруға тиым салынға. Соңғы мәліметтер бойынша, бір апта ішінде елімізде 76 адам қауіпті кеселден көз жұмған.

Caravan.kz

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста