Оразкүл Асанғазы:"Мен үшін ерекше қолдау көрсетіп, мотивация берген адам - ол өзімнің енем"

Оразкүл Асанғазы:"Мен үшін ерекше қолдау көрсетіп, мотивация берген адам - ол өзімнің енем"

Мен үшін ерекше қолдау көрсетіп, мотивация берген тағы бір адам - ол өзімнің енем.

Оқуымды бітіре сала жолдасым Жораға тұрмысқа шықтым. Жораның өзі әлі студент еді. Соңғы курста оқитын. Біздің тойымыз Алматыда болған. Жолдасым екеуміз де Лениндік стипендияның лауреаты, үздік оқитын студент, активистпіз.

Сондықтан тойымызға Жора оқитын оқу орны мен оқыған оқу ордасынан деканымыз, екеуміздің де проректорымыз, екеуміздің комсоргымыз қатысты.

Біздің тойымызға ауылдан ата-аналарымыз да келген. Тойда құттықтау айтып тұрып, декандарымыз, проректорларымыз, хатшы бар - бәрі де бізді мақтап, жақсы оқитынымызды, өте қабілетті, жетістікке жетіп қалған жастар екенімізді айтып, жер-көкке сыйғызбай мақтап отырды ғой.

Тойдан кейін енем: «Айналайын, мен бәрін көрдім, естідім. Сен отбасы, ошақ қасында - үйде отыратын немесе тек мектеппен шектелетін мұғалім болатын адам емес екенсің. Сен үлкен қызметтер атқаруға лайық екенсің.Сондықтан сенің қызмет етуіңе ешқашан шек қоймаймын. Тек бір шартым, өзіңді бала табудан шектеме. Құдай қанша бала берсе, сонша ту. Мен өзім бағамын, қызметіңнен қалдырмаймын» деді...

Енем сол сөзінде тұрды, балаларымның бәрін өзі қарады. Мен қызметте жүргендіктен, ұйқысы тыныш болсын, шаршап қалмасын деп, баланы өзінің жанына алып жатты.

Мектепте жүргенімде үйіміз жұмыс орныма жақын болатын. Үлкен үзілістерде жүгіріп үйге келіп, баламды емізіп кетуші едім. Сонда енем бір кесе ыстық сүтке тары салып, май салып, маған дайындап отыратын.

Инстаграмдағы парақшасынан

Үйге кеп, баланы емізіп, қайтып шығып бара жатсам «Мынаны жеп кет, келгенше сүт болып тұрады» деп соңымнан алып жүгіруші еді. «Жұмыстан кешігіп бара жатырмын, қазір сабағым басаталады» дегеніме қарамайтын. Сол қамқорлығының арқасында мен бала емізіп жүріп қызметімді жалғастырсам да, ешқашан ауырған емеспін. Денсаулығым жақсы сақталып қалды.

Міне, бізге Алла жақсылықты айналамыздағы адамдар арқылы жібереді. Айналамыздағы өзімізге қамқор адамдардың аппақ көңілін өзіміз сезіп білуіміз қажет. Жақсылығын бағалай білуіміз керек. Енемнің ерекше қамқорлығын әлі күнге дейін үлкен сағынышпен еске аламын.

Ал сізге өміріңізде алға өсуге шабыт беретін адамыңыз кім? 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста