Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила продюсер Баян Алагөзова туралы өз ойын Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Баян бұлтартпас фактілері болған соң «Да, я изменяла» деп ұялмай сұхбат беріп отыр. Баяның түсірген «Бақыт» деген фильмді көріп, жылап-сықтап, жазып жатқандар да көп екен.
Баянды кумир тұтып, соған еліктейтін қыздар да жеткілікті өкінішке қарай. Ал өз нәпсісіне ие бола алмаған Баян «На какое-то время ум отключается» деп ақталып отыр. Оны көптеген қыз-келіншектер де ақтап жатыр. Мен Баянның жолдасын түсінемін.
Кез келген ер жынысты тіршілік иесі, аң-құс, адам болсын өз үйірін қорғайды, қызғанады, ол үшін өлімге барады, жаратылысы сондай.