Мен де жігіттермен кездестім: Әсел Сәдуақасова Мәскеуге не себепті көшіп кеткенін айтты

Қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова өзге елге не үшін кеткенін айтты. Актриса арманындағы қалада тұрып жатыр. Қанша уақыт аялдайтыны белгісіз. Ол өзі үшін алаңдаған оқырмандарына жауап беріп, өз әрекетін түсіндірді.

“Мәскеуде тұру менің арманым еді. Бастапқыда жұмыс болды. Мәскеуге көшу туралы ойлау мүмкін болмады. Кейін жеке өміріме байланысты келе алмадым. Ұзақ уақыт кездестім. Иә, мен де жігіттермен кездестім. Сосын карантин басталды. Әр кезде әртүрлі себеп табылды. Мен армандап жүре бердім. Енді ғана көшуді ойладым”, – деді Әсел.

 
Актриса осы жолы тек өз бақытын, өзінің жан рахатын ойлаған. Есерсоқ шағында емес, есейген шақта өз арманын іске асырғысы келеді.

“Себебі, мен қазір есейдім. Біреуге бірнәрсені дәлелдемей-ақ өмір сүремін. Енді өзіме, денсаулығыма, жандүниеме қажеттіні ойлайтын уақыт. 
Жаным жаңа тәжірибені қалады, үзілісті қалады, өзімді танығым келді. Басқа жаққа көшуім керек болды. Бір аптада киімімді жинадым да кетіп қалдым. Сіздер көп сұрақ қоясыздар.

Шынымды айтсам, ешқандай мақсатым жоқ. Жай ғана рахат алып жүрмін. Мені қашып кетті дейді. Олай емес. Мен жай ғана бұрынғы арманымды орындағым келді. Қоғамға, анама, жақындарыма қатысты емес, тек өзіме қатысты. Алғаш рет мен өзімнің бақытымды ойладым. Аллаға толықтай сендім. Бұл менің ең жақсы таңдауым.  Ал сіздердің қандай армандарыңыз бар?”, – деп жазды актриса парақшасында. 

Желідегі оқырманы актриса жеке өміріне қатысты шетелге көшті деп болжаған еді. Енді бірі мансабына байланысты кетті деп топшылады. 

“Сіздің бір уайымыңыз бар, сіз үзілісті қаладыңыз”, “Жеке өмірде жолы болмаған шығар”, “Мансап жолында келді”, “Жай ғана демалғысы келеді”, “Менің де Мәскеуде тұрғым келіп жүр”, – деп жазды олар. 

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста