Ойнайтын емес, ойланатын уақыт келді. "Коронавирус Қазақстанға жетті" дегеннен бері өзім де сақтанып, туыстарымды да сақтануға шақырумен болдым. Бірақ сенбеді. "Өтірік екен" деп, қолдарын бір сілтеді. Күні кеше Нұр-Сұлтаннан Ақтауға кеп: "Таныстарымыз ауырып қалды," - деп отырсақ, "Сатып алған ауру ма?" - дейді ғой.
⠀
Ауырған таныстар көбейе бастады. Одан бөлек, пневмания боп жатқандар қаншама?! "Дәм сезбеймін, иіс сезбеймін" деп отырғандар да жетерлік. Шынымды айтайын, қорқа бастадым. Астанадағы таныстар "ауыр жағдай болмаса, жедел жәрдем келмейді, ауруханада орын жоқ, 6-7 күн болды, температура" деп айтып жатыр. Дәріханаларда қарапайым парацетамол да жоқ екен.
⠀
Осы сенбі Нұр-Сұлтанға қайтуымыз керек еді. "Осы жақтан парацетамол ала кетейін, қажет боп қалар" деп, дәріханаға барсам, бізде де (Ақтауда) жоқ. Дәріханаларда кезек. Ешқандай вирусқа қарсы препарат жоқ дейді. Біз кешігіп қалыппыз, жұрттың бәрі қамданып алғанға ұқсайды. Бұл жақта да ауруханада да орын жоқтық, жедел жәрдемнің жетіспеуі деген мәселе пайда болыпты. Дегенмен жергілікті халықтың бейқамдығы алаңдатады. Әлі де жиын-той өткізіп, маскасыз жүргендер, қарапайым қолды жумайтындар жетерлік.
⠀
Меніңше, вирус бақылаудан шығып кеткен сияқты. Бұрынғыдай сәл температура болсаң, алып кетпейді. Енді қорықпай-ақ қойыңыздар. Елдің жағдайы мәз емес.
Бұлттың артынан күн шығатыны секілді, бұл күндер де артта қалар деп сенемін. Төрт көзіміз түгел болсыншы! Ауырмайық! Ауырмаңыздар!
Сіздер жақта жағдай қалай боп жатыр?
Мейірмангүл Аманғалиқызы:"Шынымды айтайын, қорқа бастадым"
Последние статьи автора