Күлпаштың хикаялары (фото)

Таяуда Астана телеарнасының көрермендері «Күлпаштың хикаялары» атты ситуациялық комедияны тамашалай алады.
«Күлпаштың хикаялары» атты ситуациялық комедияның түсірілім жұмыстары Республикалық Астана телеарнасының тапсырысы бойынша осы жылдың көктемінде Шымкент қаласында «Таудай Талап PRODUCTION» компаниясының басқаруымен жүргізілді.
Басты кейіпкерлер ретінде «Шымкент шоу» театрының жетекшісі - Берік Тұрсынбеков, театр мүшелері: Қарлығаш Тұрсынбекова, Дәурен Жұмаділов, Нұрболат Әбілдаев сынды сатираның үздік саңлақтары алынды.
Туындының желісіне келер болсақ, оқиға негізінен ауылда өтеді. Шалғайдағы жеке дара жатқан бұл ауылдың тұрғындары ақкөңіл, аңғал. Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қарым қатынасы, ауыл адамдарының қонақжайлылығы, ене мен келіннің, абысындардың өмірін суреттейтің бұл туынды көптің көңілінен шығатыны хақ.





