Кешегі сүйкімді қыз Айжан мен бүгінгі Байзақова (фото)

Кешегі сүйкімді қыз Айжан мен бүгінгі Байзақова (фото)

 Айжан Байзақованы көпшілік, әсіресе, әлеуметтік желі қолданушылары жақсы таниды. Ол енді өткен жылдың ең тентек қызы ретінде есте қалғалы тұр. Былтыр жалаңаш фото және видеоларымен, анайы әзілдерімен танылған Айжан жыл соңында ұсақ бұзақылығы үшін үш күнге қамалып тынды.

Ал Байзақова осындай танымалдыққа қол жеткізбей тұрғанда, қандай болып еді? Caravan.kz медиа-порталының тілшісі осы сұраққа жауап іздеп, аз-маз мәлімет тапты.

Ғаламтордағы тақыл-тұқыл деректерден білгеніміз, Айжан Байзақова 1995 жылдың 16 наурызында Алматыда туылған. Әке-шешесі оны таеквондо секциясына беріпті. Айжан осы спорт түрі бойынша көптеген медаль алған. 2009 жылы ол республикалық турнирде жеңіске жетті. Ал 2011 жылы Алматының чемпионы атанды. Бірақ 2012 жылы жарақат алғаннан кейін спортты тастап кетеді.

Айжан таеквондо киімінде
Айжан таеквондомен айналыса жүріп, отандық фильмдер мен телехикаялардан көрінді. Алғаш «Жаным» сериалында ойнаған. Одан кейін тағы 5 киножобаға түсті.

Айжан жоғары оқу орнына режиссер мамандығы бойынша түскен еді. Алайда оқуын тура 4-ші курста тастап кетті. Бұны өз бетімен білім алғысы келетіндігімен түсіндірген.

Ал өз бетімен білім алуы әлеуметтік желідегі парақшасында жалаңаш суреттерін жариялаумен басталған сияқты. Ол дәл осы қылығымен танымал болды. Сөйтіп, Қазнетте айтылатын ең көп әңгіменің кейіпкеріне айналды.

Тіпті ол темекі шеккен, алкогольдік ішімдік ішкен фотолары мен видеоларын да көпшілікке көрсетіп отырды.

Ал бір кездері Айжан мүлдем мұндай емес-тін. Қазір де жаман қыз емес сияқты. Ол жақында ғана әке-шешесі және бауырымен бірге түскен әп-әдемі суретін өзінің Telegram-каналына жариялады

kaz.caravan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста