Танымал әншінің киім үлгісі желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Алтынай Жорабаева өзінің Instagram парақшасына тойдағы видеосын жариялады.
Алайда жұртқа оның киген киімі, жүрген жүрісі ұнамай қалған сияқты. Себебі постқа көп адам сыни пікір жазып жатыр.
"Киім үлгісін неге өзгертпейді, жабыстырмай кисе де болады ғой", "Шашты жаймаса, әнші болмай ма?", "Денеге лайықтап, тырсылдатпай кию керек қой", "Намаз оқисыз, бір уақыт орамал тақтыңыз, енді бөксеңізді көрсетіп жүрсіз", "Стильді өзгерту керек", — деп жазып жатыр адамдар.
Бұған дейін тойда секеңдеп билеген Алтынай Жорабаева елдің сынына ұшыраған еді.