"Қалаулым" жобасында табысқан танымал блогерлер Еркебұлан Ахметбек мен Жанерке Елшіннің жанұясында қуаныш. Екеуінің шаңырағы тағы бір жанмен толықпақ, деп хабарлайды Stan.kz.
"Бүгін біздің шаңырақ көтергенімізге 3 жыл. Осыған орай Сүйінші сұрағым кеп тұр, екінші отбасым.
Сіздер бұл жаңалықты күттіңіздер, білемін. Қуанышты бөліссең, көбейеді емес пе?! Ендеше, құттықтап қойыңыздаршы.
Аллаға сансыз шүкір. Бұйырса, Ахмет-Алиіміздің бауыры не қарындасы болады. Жүрегімнің астында тағы да бір кішкентай жүрек бүлкілдеп соғып тұр.
Біздің махаббатымыздың тағы бір жемісі пісіп, үзіліп түспекші. Расымызды айтсақ, еш ойламаған жерден осылай болды. Күтпеген кезде келіп, өмірімізге күн болып нұрын шашуда періштеміз.
Аликошымды босанғаннан кейін дәу болса да, қаншалықты ауыр болса да, ішімді кәдімгідей сағынған едім. Мінеки, көп ұзамай, сол томпашка күйіме қайта келдім", - деп сүйінші жаңалықты жеткізді Жанерке.
Айта кетейік, "Қалаулым" жобасының алғашқы маусымында танысып-табысқан жұп 2018 жылы отбасын құрды. 2019 жылы Еркебұлан мен Жанерке ұлды болды.