Соңғы кездері эстрада өкілдері ел алдында ерсі қылығымен жиі көзге түсіп жүр. Бұл жолы Алтынбек Қоразбаевтың атын атап, аты дардай әнші-композиторды құрдасындай көрген жас өнерпаз көпшіліктің ызасын тудырған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Қазнеттегі халықтың қытығына тиген бейнежазбаға көз жүгіртсек, көпшілікке әлеуметтік желі арқылы тапнылған Гүлмира Ізбасханова бір тойға барған. Ол дүйім жұрттың алдында екі жастың осы қуанышына Қоразбаевтың жібергенін айтып, "Алтынбек братанның атынан келдім" деп жар салады.
Алтынбек Қоразбаев братанның атынан келіп отырмын. Жастар, бақытты болыңыздар. Жіберші, маэстро. Жақсылап тұрып билейік, иә? — дейді әнші.
Жасы 75-ке тақаған Халық артисін дәл осылай атаған Гүлмира Ізбасхановаға желі қолданушылары қатты ызыланған. Олар атасымен жасты Алтынбек Қоразбаевтың есімін ел алдында мазақ қылғанын айтып, әлгі әншінің бұл әрекетін ерсі қылыққа балап отыр.
instagram.com/gulmira_izbaskhanova01
"Алтынбек Қоразбаев құрдасың ба еді? Көпшіліктің ортасында осылай айтуға қалай тілің барды, ұятсыз?", "Тым тәлпіш. Еркекшора болып кетті. Қалай сөйлейді өзі?", "Есерсоқтау ма өзі біртүрлі ғой", "Я еркек емес, я ұрғашы емес. Екі ортада не істеп жүр", — деп ашуланды желідегі жұрт.