Алматының айналасындағы 5 керемет (фото)

Алматының айналасындағы 5 керемет (фото)

Шарын шатқалы

 Алматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Шарын шатқалы - Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиғатының әсемдігі мен көзтартар ерекше сұлулығымен белгілі.

Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. құмды жарлар бар. Жергілікті халық шатқалды «қорғанды қамалдар аңғары» деп атайды. Аңғар ұзындығы шамамен 2 шақырым, ені 20-80 метрге дейін барады.

 

Шатқал бойымен ағатын Шарын өзені Алатаудан бастау алып, Іле өзеніне құяр жолында Жалаңаш үстіртін кеседі. Шарын өзеніне кіші өзендер келіп құяды. Өзен ағысы секундына 10-12 шақырымға жетеді. Бұл ағыс рафтинг спортына жарамды. Өзеннің арнасының кеңдігі 35-40 метрге дейін жетеді.Шарын шатқалының аумағына өзенмен бірге Шетен тоғайы енеді.  Тоғай негізі соғдиян шетенiнен (Fraxsinus potamophila) құралған. Әлем бойынша мұндай тоғалар екі жерде ғана бар. Бірі Қазақстанда Шетен тоғайы сақталса, бірі Солтүстік Америкада ғана сақталып қалған. 1964 жылы Шетен тоғайы табиғат ескерткіші деп жарияланды. Алматыдан 4 сағаттық жер, 200 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Шонжыдағы ыстық су 

Шонжыдан бір сағаттық жол қашықтығында, Кетмен жотасы мен Іле өзені алқабының аралығында термалды артезиандық қайнарлар бар. Жер астынан бұрқырап шығып жатқан су көздерінің қоры аса бай және денсаулыққа да пайдасы зор екені дәлелденген. Минералы әлсіз бұндай сулардың емдік қасиеттері бар. Дәрігерлер аталған ыстық су көздерінен шығатын суды ішке қабылдаудың да, сырттай пайдаланудың да денсаулықты қалпына келтіруге көмектесетінін айтып отыр.

Ұйғыр ауданында 140-қа жуық минералды қайнарлар орналасқан. Бір қызығы, олардың әрбірінің құрамы бір-біріне ұқсамайтындай әртүрлі және әрбірінің өзіндік қасиеті бар. Жуырда жүргізілген зертханалық зерттеулер көрсеткендей, олар химиялық құрамы жөнінен атақты «Сарыағаштан» да асып түседі.

Ыстық су көздері Алматы қаласынан 300 шақырым қашықтықта, шығыс бағытта орналасқан. Қаладан жеңіл көлікпен шыққан жолаушыға 4,5-5 сағаттық жолды жүріп өтуге тура келеді. Сол себепті, бұл өңірге сапарлаған адам толыққанды тынығуы үшін кем дегенде 2 күнін жұмсауы керек.

Ыстық су көздері маңында жыл сайын 50 мыңға жуық адам демалады, ем алады. Демалыс аймақтарының санының көбеюіне орай туристер саны да 200-250 мың адамға дейін артуы мүмкін деп болжанып отыр. Шоңжыдағы ыстық суға Алматы қаласынан 4-5 сағатта жетуге болады. 

 

Қазақ жеріндегі Тянь-Шань тауы сілемдерінің бауыры ірілі-ұсақты көптеген өзен-көлдерге бай. Солардың ішіндегі шоқтығы биігі – Қайыңды. Көлдің ерекшеліктерінің бірі – оның тым жастығында. Қайыңды 1911 жылы орын алған жер сілкінісінің әсерінен пайда болған. Қайыңдыда  болған жұртшылық «аруақтар көлі» деген атау тағып кеткен екен. Мұның сыры суға батқан кемелерге ұқсас Тянь-Шань шыршаларының діңгектері судың ішінен 15 метрге дейін көтеріліп тұрады. Бір қарағанда бұл көрініс аруақтардың кемелерінің алып қорымдарына ұқсас келеді.Көлдің айналасы қайыңдар мен қарағайларға ерекше бай. 2010 жылдың маусым айында Қайыңды көлінің сел тасқынымен шайылып кетуінің әсерінен көлдің бүгінгі күндегі деңгейі 10 метрге төмендеген. Қайыңдыға Алматыдан 7 сағатта жетуге болады. 

Үлкен Алматы көлі 

Үлкен Алматы көлі – Іле Алатауының көрікті көлдерінің бірі. Ол, әсіресе, таң сәріде су бетіне аспан мен оны қоршаған орта бейнесі шағылысқан кезде өте әдемі.

 

Көл өзі аттас шатқалда теңіз деңгейінен 2511 шақырым жоғары орналасқан, оның тереңдігі 40 шақырымға жетеді ал, ені 1 шақырым. Жазда су температурасы Цельция бойынша 10–12градусты құрайды. Көл жағасынан таудың керемет көрінісі ашылады. Көлдің арғы оңтүстік жағында Советтер шыңы мен Озерный асуы, ал батысында Үлкен Алматы шыңынын тасты сілемдері көрінеді. Көл ежелгі мұздықтың төмен сырғып түсуінен пайда болған, нәтижесінде шұңқыр пайда болып, ол еріген сумен толыққан.

Айғай құм 

Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» - танымал жерлердің бірі. Оның алып жатқан жерінің үлкен болуы сонша, ұзындығы екі-үш километрге дейін, ал биіктігі шамамен 120 метрге жетеді. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады. Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған.

Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқыт орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр. Осы жерде тұратын адамдар айтатын аңыздарға сүйенсек, дәл осы құмның астында Шыңғысхан және оның сенімді жауынгерлері жерленген екен. Ал сиқырлы құмның әуендететіні – ханның рухы ұрпағына өз жеңістері жайында сыр шерткені. Айғай құм Алматыдан 3 сағаттық жерде. 

 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста