Алия Құдайбергенова:Адамдарды манипулировать ету ең жаман нәрсе

Алия Құдайбергенова:Адамдарды манипулировать ету ең жаман нәрсе

Психолог деген грек тілінен алғанда "душа + знание" дегенді білдіреді екен. Бір адамның санасын өзгерту үшін үлкееен ілім,білім қажет!
Адам жанымен жұмыс жасайтын адам өте абай болуы шарт! Нағыз психолог - жүректерге мейірім дәнін егіп, адамдарды жеккөруді емес, жақсы көруді үйретеді. Өз бақытсыздығын, ішкі кемшіліктері мен комплекстерін алдында отырған адамға таңбас болар. Өмірге кеткен есесін "клиенті" арқылы қайтаратындарды байқап жүрмін. Адамдарды манипулировать ету ең жаман нәрсе, ол өзін Құдай сезінуден туатын оңбаған қасиет.
Кісіні адасқан үстіне адастырмау керек. Және кәсіби маман ешқашан алдына келіп отырған адамның ішін білуге құмартпайды (сумаңдап). Ол өзі айтсын. Ол өзі ақтарылсын. Жанының жарасын әр адам өзі жақсы біледі. Ал, психолог ғажап болса, жарасын таңып берсін. Емдемесін. Емдеуді адамның өзіне қалдырсын.
Адамның бәрі бір мейірімге зәру қазір. Бәріне бір ауыз жылы сөз жетпейді. Содан біз қатайып кеттік. Жанмен ісіміз болмай, сыртқа мән бергіш боп алдық. Әсілінде, әр адамның жұрттан жасырған сыры, мұңы болу керек. Ол соншалықты қорқынышты да, қауіпті де емес. Ақылды адам өзі-ақ тәрбиеленеді. Адамдардан Құдай жасағанды қою керек. Бәрі де өз орнымен болғаны дұрыс. Одан да Аллаға тапсыр.
Ішкі интуиция сені жолда қалдырмайды, адастырмайды. Біз көбіне соны жаныштап тастаймыз.
Ойсыз адам - мұңсыз. Ойланудан қорқамыз. Өмірдің өзі сұрақ негізі... Сұрақтың жауабын іздеп жүріп-ақ күндер өте береді. Бұл да нормально.
"Ойдауа" – жадағайлап айтқанда: миың бос жүрмесін, күл, жыла, қинал, қиналсаң өзіңді емде, тіпті болмаса өзіңді өзің қамшыла! Осы құбылыстан айырылсаң – жарық дүниеде жоқсың деген сөз" дегенді оқып едім, бір жерден. Өте қарапайым сөз, бірақ қарабайыр емес.
Өмір болған соң бәрі болады. Соның бәрінен өтуің керек. Бұл жолда адамнан адамға керегі мейірім-шапағат, жылы сөз. Жауды алдырып, төпей берудің қажеті жоқ. Аңғал, сенгіш адамдар көп өмірде. Солар құрбан болмауы керек. Қазір жаны қиналған адамның көбі психолог іздейді.
Жүрегінде иманы барына жолықса игі...
Мен бір табиғатынан адасып, ашынған танысымды көрдім. Психологқа барғанына ай бопты. Адамның бәрін дұшпан көрсеткен сол психолог біреудің мөп-мөлдір жанын жаншып тастағанын біле ме екен? 

Инстаграмдағы парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста