Әлемдегі ғажап ғимараттардың ондығы (Фото)
Қазіргі замандағы сәулет өнерінің туындыларына қарап отырып таңғаласың. Кейбір ғимараттарға сыртынан қарасаң оның ішінде адамдар тұратынына немесе жұмыс істейтініне сене алмайсың. Бүгін біз оқырман назарына әлемдегі ең қызық, ең ерекше, ең сұлу деген ғимараттардың суреттерін ұсынып отырмыз. Бұл ерекше ғимараттарды қиялы өте ұшқыр, қабілеті жоғары сәулетшілердің ойлап тапқаны анық.
1. Арк Нова, Жапония
Бұл – коцерт залы. Жай ғана зал емес, әлемдегі ең алғашқы үрлемелі, әрі жылжымалы ғимарат. Жоба авторлары - британ мүсіншісі Аниш Капур және жапон сәулетшісі Арата Исозаки. Ғимарат Цунамиден зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету мақсатында Жапонияның шығыс бөлігінде саынған. Концерт залына 500 көрермен сыяды.
.jpg)
2. Күн күмбезі, Мичиган, АҚШ
Мына бір құрылымы өте қызық туындының сыртқы көрінісі араның ұяшықтарын көз алдыңа елестетеді. Бұл арчил атты ерекше жеңіл материалдан жасалған екен. Күн күмбезі павилльонның ішін толықтай жарықтандырып, түрлі сәуле шашып тұрады. Арт-студией «Loop.pH» жасаған күмбездің салмағы 40 келі.
.jpg)
3. Айна үй, Флинт, АҚШ
Бұл айнадан жасалған үйде ешкім тұрмайды, әрине. Флинт қаласында тек ескерткіш ретінде қойылған. Мұны лондондық «Two Islands» фирмасының сәулетшілері жасаған. Жарқыраған айна үйдің салмағы 2 тоннаға жуық.
.jpg)
4. Лотос күмбезі, Иерусалим, Израиль
Иерусалимде құпяиға толы жұмбақ жерлер көпақ Солардың бірі Седеки деп аталатын үлкен үңгір. Бұл үңгір иудей патшасы Седекидің құрметіне аталған. Осы үңірдің ортасында орналасқан ғажайып күмбез Лото деп аталады. Оның ерекшелігі үіңгрңге келген кезде ол гүлдің күлежапырақтары ашылғандайт ашылып, айналаға жарық төгеді. Жоба авторы - голландиялық дизайнер Дан Розегарде,
.jpg)
Ақылды экоүй, Швеция
Бұл үйдің көлемі 10 шаршы метр ғана. Жоба авторы шведтік сәулет фирмасы «Тенгбум Аршитектс». Авторлардың айтуынша, бұл студенттерге арналған жатақхананы алмастыра алады. Бір адамға арналған үйде ас үй, жуынатын бөллме, жатын орын бәрі қарастырылған.
.jpg)
6. Бамбук үй, Вьетнам
Вьетнамның ауа райы өте құбылмалы. Сондықа мына бір бамбуктен салынған мықты үй 1,5 метр су тасқынына шыдас береді деседі. Жоба авторы «Эйч энд Пи Аршитектс» сәулет студиясы.
.jpg)
7. Алдыңғы қабырғасы сырғып бара жатқан үй, Маргит, Ұлыбритания
Британияның маргит қаласына бара қалсаңыз көшелерде серуендеп жүріп алдыңғы қабырғасы сырғыа бара жатқандай әсер беретін үйді көруіңіз мүмкін. Алайда үй қандай да бір апаттан сырғып бара жатқан жоқ. Бұл дизайнер Алекс Чиннэктің қиялынан туған туынды. Ескі ғимарат ұзақ уақыт бойы жөндеу көрмеген. Дизайнер үйдің алдыңғы қабырғасын толығымен алып тастап, қайта жасаған. Сонда үйге кіретін есік тура жерде орналастырылыпты.
.jpg)
8. Банкнот үй, Каунас, Литва
«Office Center 1000». ғимараты – ірі бизнес орталығы. Онда Литваның ең ірі деген екі банкі орналасқан. Бұл ғимарат тәуелсіздік алған жылдары шыққан банкнот кейпінде. Жобаны «RA Studija» ойлап тауып, жүзеге асырған. Көріп отырғандарыңыздай ғимаратта терезе жоқ, есесіне ғимарат толықтай әйнектен жасалған екен.
9. Атомиум, Брюссель, Бельгия
Мына бір ерекше сәулет туындысының авторы Андре Ватеркейн. Бұл 1958 жылы салынған, Брюссельдегі ерекше ғимарат. Атомдық ғасырдың символы ретінде ойлап табылған. Биіктігі 102 метр, салмағы 2500 тоннадай. 9 шарды 20 ұзын, әрі жуан құбыр жалғап тұр. Ең жоғарығы шарда мейрамхана бар екен. Оған адамдар 25 секундта лифтпен көтеріледі.
.jpg)
10. Өнер мұражайы, Грац, Австрия
Бұл өнер мұражайы 2003 жылы "Еуропаның мәдени астанасы" бағдарламасы аясында салынған. Жоа авторлары лондондық сәулетшілер Питер Кук және Колин Фурнье. Туынды туристерге де жергілікті халыққа да қатты ұнайтын көрінеді. Сондықтан бұл ғимарат қаланың символы ретінде танылды.
Суреттер turizm.ru сайтынан алынды.
.jpg)