Бұл кезде 48 кг едім. Шашымды кесіп, бояп, маникюр жасатып, жолдасыма Павлодарға баруға дайындалып, сәнденіп отырғам. Сол кезде шаш мастері суретке түсірген. Өзіме ұнайды.
4 жылға жуық Павлодар мен Астананың арасында жүрдім ғой. Сол кезде жол күрделі жөндеуден өтіп жатқан. Қазір ғой 3 сағатта зу ете қаласың. Ол кезде жеткізбейтін. Менде “вахтовый” режим болған. Екі апта үйде, 2 апта елордада жұмыста, “Сырласуды” жүргізем, дайындаймын эфирге. Өзім бірнеше адамның жұмысын істеп шауып жүрем. Шаршамайтынмын,Себебі, 2 қызым және мықты жетекшім, бастығым бар мотивация беретін, бағыт-бағдар көрсететін. Сырласудың хит кезі, рейтинг Көбі таниды.
Сол кезде ой небір ақыл айтқыштар көбейді. “Күйеуіңнің жанында неге болмайсың? Неге телефон тексермейсің? Оған ескертпей түнде бар, мүмкін біреуі бар шығар?!”-деп. Мен ешкімді тыңдамадым. Күйеуіме сендім. Негатив ойламадым. Сол сенімім, түйсігім, мені адастырмады. Шүкір. Бірақ, сағынасың! Бірге отырып, шүйіркелесіп шәй ішкің келеді. Қол ұстасып киноға барғым келеді. Сонда Үйде қалған киімдерін иіскеп, сағынышымды басатынмын. Күнде түсімде көретінмін. Бір қызығы, ол менен сағындың ба деп сұрағанда: жоға, 2 апта бұрын ғана көрдім ғой деп жасыратынмын. Әлсіздікті көрсеткіміз келмейді. Мына суретімді көрсем, сол кездер есіме оралады. Біздер әйелдер шыдамдымыз ғой. Ең бастысы, қызғанышқа бой бермеу керек! телефон тексеріп, пароль бұзып, күйеудің смс-терін оқудың еш пайдасы жоқ, қыздар! Тек сену керек және Аллаға тапсыру керек!
Инстаграм парақшасынан