Англиялық 12 жастағы Софи Холлинс әлемдегі ең ұзын қыз атанды. Бойы 189 сантиметрді құрайтын ол үйдің төбесіне де қиындықсыз жетеді екен деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Саутгемптонның 12 жастағы тұрғыны Софи өзінің ерекше қыз екенін білетінін айтқан.
Ол Гиннес рекордтар кітабына енгенімен, оталардан кейін бойының өсуі тоқтайды деп үміттенеді екен.
Ал дәрігерлер Софиден өмірге қауіпті Марфан синдромын анықтаған. Бұл ішкі ағзаның жағдайын нашарлататын және бойды жедел өсіретін ауру болып табылады.
"Мен өзімнің ерекше екенімді білгенмін. Бірінші сыныпта-ақ мен бәрінен ұзын болғанмын", - дейді Софи.
Алты жасында Софидің бойы 147 сантиметрді құраса, төрт жылдан ол 155 сантиметрге өскен. Ақ халаттылар қыздың өсуін тоқтату үшін бірнеше ота да жасаған екен.