Туған тілім - тірлігімнің айғағы

Туған тілім - тірлігімнің айғағы

Туған тілім тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы, Тілім өссе, мен де бірге өсемін, Тілім өшсе, мен де бірге өшемін. Расымен де, ана тілі-адамзат жаралғалы бері оның жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі болып келеді. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, ата-баба мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын асыл қазына.

Туған тілін мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- кез келген ұлт өкілінің қасиетті парызы. Жүз отыздан астам ұлт өкілі бір шаңырақтың астында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, тату-тәтті өмір сүріп жатқан қазақ елінде бүгін айтулы мереке. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның Бас кон­ференциясында «21 ақпан – Халық­­аралық ана тілі күні» ретінде белгіленген. Ал біздің елімізде «22 қыркүйек – Қазақстан Рес­публикасы халықтарының тілдері күні» болып ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен бекітіліп, 1998 жылғы 22 қыркүйек күні бірінші рет ресми түрде аталып өтті. Осылайша, тәуелсіз еліміздің қо­ғамдық өмі­рінде өзіндік орны бар жаңа атаулы күн пайда болды. Бұл – Қазақстанда тұратын барша ұлт өкілдерінің тіл мерекесі.
Еліміз егемендігін алғалы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған ана тіліміз – қазақ тілі уақыт өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді. «Қазақстан халықтары тілдерінің күні» - он төрт жыл бойы жалпы халықтық мереке ретінде азаматтарды татулық пен бірлік идеялары төңірегінде топтастыруға, өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизм мен жалпы адамзаттық ынтымақтастыққа тәрбиелеуге қызмет етіп келеді. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста