Дәрінің әсері қай кезде әлсіз болады?

Дәрінің әсері қай кезде әлсіз болады?

 Ауырып-сырқағанда адам дәрі-дәрмек ішеді. Бірақ кейде оның пайдасы болмайды. Неге? Төменде оның бірнеше себептері айтылады.

1. Бүгінде дәрігерге көрінбей, өз бе­тінше дәрі алып ішетіндер көп. Негізі дәрі атаулының бәрі дәрігердің тағайындауымен, белгілі тәртіппен қолданылғаны жөн. Себебі кейде бірде пайдасы тиген препараттың екінші мәртеде әсері болмай қалады.

Кейде дәрігердің тағайындаған дәрісі әсер етпейді. Бұл дәрігердің қателік жіберуінен немесе науқастың ауру сипатын дұрыс тү­сіндірмеуінен орын алуы мүмкін. Ауру белгілерін, өзгерістерін нау­қас өзі бірінші кезекте сезінеді, сондықтан бәрін дәрігерге артып қоймай, адамның өзі де мұқият болғаны дұрыс.

Дәріні ішпес бұрын оның нұсқамасын мұқият оқып, жанама жағымсыз әсерлері жөнінде біліп алған абзал. Қандай да күдік-күмән туса, тез арада дәрігермен кеңескен дұрыс. Бұл дәрігердің дәріні дұрыс мөлшерлеп беруі үшін керек.

2. Дәріні сауатсыз қолдану да қауіпті. Оның қанға дұрыс сіңірілуіне қабылдау уақытының да қатысы зор. Мысалы, парацетомолды ашқарынға ішкенде жарты сағаттан соң әсер береді, ал оны астан кейін ішсе, екі сағаттан соң әсер етеді.

Жүрек ауруларына арналған препараттарды ашқарынға ішпейді, өйткені оның күшін асқазанның қышқылы бейтараптандыруы мүмкін. Ал кей дәрілер асқазан қышқылымен әсерлесе келе қанға сіңбей қалады. Сондай-ақ тетрациклинді қышқыл сүт өнімдерінен кейін қолдануға болмайды. Кальций препараттарын тек тамақ алдында ғана ішуге болады. Өйткені олар тек майлы қышқылдармен ғана байланысады. Сондықтан ас кезінде ферменттер қабылдаған жақсы. Ал ацетилсалицилл қышқылын ашқарынға ішуге болмайды.

Егер дәріні ашарынға ішу керек болса, оны таңертеңгілік астан жарты сағат бұрын қабылдау керек. Ал тіл астына қоюға арналған дәрілерді кез келген уақытта қолдануға болады. Өйткені олар ба­уыр мен асқазанға соқпай, қан арқылы-ақ ағзаға сіңеді.

Сондай-ақ науқас бірнеше дәрі қабылдайтын болса, олардың өзара үйлесіміне де мән беруі керек. Қателік кетсе, жағымсыз әсері тиюі мүмкін.

3. Жалған дәрілерден де абай болған дұрыс. Олар оң әсер бермесе қорқыныш жоқ, ал жақпай қалатын болса қиын. Ал мұндай дәрілерді қалай тануға болады?

- Дәрінің парақшасына қараңыз, онда жағымды-жағымсыз әсерлері туралы жазылады. Дәріханада сертификатын сұрап, түбіртек алу керек, түпнұсқамада нұсқама қағазы «гармонь» сияқты шиыршықталып, қорап сыртына ораулы тұрады.

- Дәрінің түсіне қараңыз, оның қандай екені нұсқамада жазылады. Онда сондай-ақ қолданылу мөлшері, иісі, тағы басқа да ерекшеліктері жөнінде көрсетіледі.

- Сақталу мерзімін тексеріңіз. Ол қорапта және дәрі түйірлерінде жазулы болады.

- Препаратты сақтау тәртібін қараңыз. Кей дәрілер қараңғы жерде сақталуы тиіс. Мерзімі өткен дәріні қолдануға болмайды, зияны тиюі мүмкін.

...Міне, дәрі қолданғанда осы мәселелерге мән берген жөн. Әйтпесе дәрінің пайдасынан гөрі зияны тиюі әбден мүмкін.

Н. ЖҮНІС.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста