Холестерин жоюдың тибеттік тәсілі

Холестерин жоюдың тибеттік тәсілі

Ағза үшін холестериннің маңызды екені белгілі.  Бірақ оның жағымды ғана емес, жағымсыз түрі де бар. Жағымсыз түрі көбейіп кетсе, адамды ауруға шалдықтырады. Сондықтан одан дер кезінде арылып отыру керек. Осы орайда одан арылудың тибеттік тәсілдері туралы да біле жүріңіз.

Холестеринді «жағудың» бірінші тәсілі мынадай:

Ыдыстағы 1 литр суға 5-6 ас қасық сұлы салып, 10-15 минут қайнатады. Оның суын тамақтан соң күніне бір стаканнан ішіп тұру керек.

Одан кисель жасауға да болады. Ол үшін ыдысқа 4 стакан уақталған дәндерін салып, үстінен 8 стакан су құяды да, бір тәулік бойы жылы жерде ұстайды. (Жарты күн ұстауға да болады). Сосын оны жақсылап араластырып, сүзіп алады. Алынған сұйықты баяу жанған отта екі-үш минут бойы қайнатады. Кисель дайын. Тым қою болса, бір-екі стакан су қосыңыз, бірақ оны да 8-10 минут қайнатыңыз. Кисельді тамақтан соң бір стаканнан ішіп тұрады. (Бұл істе «Геркулес» ұнтағын да пайдалануға болады).

Бұл айтылған сусындарды бір ай бойы, күніне бір мәрте ішіп тұру керек. Сосын қандағы холестерин мөлшерін қадағалап көріңіз. Олар сондай-ақ қақырық түсіретін, зәр қуатын қасиетке ие екені де есіңізде болсын.

Тағы бір мынадай тәсіл бар:

Ыдыстағы 200-300 грамм суға екі ас қасық сұлы салып, бес минут бойы қайнатыңыз. Сосын оған екі ас қасықтан сүт пен бал қосыңыз да, тағы 5 минут қайнатасыз. Оны күніне екі-үш мәрте, тамақтан 20 минут бұрын бір-екі ас қасықтан ішіп тұрыңыз. Бір айы бойы. Сонда ол ағзаны зиянды, артық холестериннен арылтады.

Жарас ҚАСЫМ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста