Қан қысымын түсіретін тағам

Қан қысымын түсіретін тағам

Қазір қан қысымы мазалайтын адамдар көп. Мұндай мазасыздық кезінде жағдайды дұрыс тамақтану арқылы да бақылауда ұстауға болады екен. Қалай дейсіз бе?

Долананы (боярышник) көбірек жеңіз. Оның тәттісі аздау тосабы да күніне дәрі есебінде бір ас қасықтан күніне үш-төрт мезгіл тұтынғанда қан қысымын қалпына келтіруге көмектесе алады. Оны үш ай бойы үздіксіз қолдану қан қысымын түсіріп, қандағы қант мөлшерін қалпына келтіреді. Бүгінде Ұлыбританияда қант диабетінің 2-ші типті белгісі бар науқастарға аспен бірге міндетті түрде долана тұтыну ұсынылуда.

Сарымсақты (чеснок) асқа қосып жегеннен бөлек, күніне бір мезгіл (өзіңізге ыңғайлы уақытта) бір бөлігін шикілей, аздап нанға қосып жеп жіберу керек. Оның құрамы ағзаға қажетті витаминдерге бай екенін біз бірнеше рет жазғанбыз. Ол суықты «сорып» қана қоймайды, бактерияны «байлап», ауру атаулыдан аулақ болуыңызға жәрдем береді. Сарымсақтың бір түйірінде 1,3 миллиграмм аллицин бар, яғни қан қысымын қалпына келтіруге сол себеп.

Даршынның (корица) да денсаулыққа пайдасы зор. Бүгінде АҚШ-тың Огайо штатында жүрек-қан тамырлары мен қант диабеті ауруларына шалдыққан науқастарға ұсынылатын мәзір құрамында міндетті түрде даршын кездеседі. Себебі оның осы екі дертте тұрақты тұтынған, жағдайда оңды нәтиже беретінін дәлелденген.

Пияздың да жөні бөлек. Оның емдік-сауықтыру қасиеті мен күшін оқырман біз айтпасақ та жақсы біледі: суықты қуады, тұмаудан сақтайды, иммунитетті көтереді, көздің көру қабілетін жақсартады, вирус пен бактерияларды өлтіреді. Одан бөлек, қанның қоюлығын қалпына келтіру арқылы қысымын қалпында сақтауға септігін тигізеді. Бірақ ол үшін пиязды шикілей тұтыну керек.

Зәйтүн (оливка) жемісінің қасиеті де жоғарыда аталғандардан кем емес. Неаполь университетінің доценті Альдо Феррар күніне 40 грамм зәйтүн майын тұтынатын адамның ағзасында бір жетіден кейін табиғи түрде тазалану басталып, қан тамырларының қабырғасындағы қақ жойылатынын анықтаған. Ал ағзада қан дұрыс айналса, көптеген жайсыздықтар өздігінен жойылатыны белгілі.

Олай болса, қан қысымынан құтылғыңыз келсе қарапайымосы амалдарды қайталай жүріңіз.

Жарас ҚАСЫМ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста