Көктемгі әлсіздікті тез жеңу жолдары

Көктемгі әлсіздікті тез жеңу жолдары

Көктемде көп адамның әлсіздік сезінетіні мәлім. Сондықтан бұл маусымда ағзаны аздап «еркелетіп» тұрған жақсы.

* Күн сайын таңғы шай орнына қайнаған жылы суға бір ас қасық бал қосып ішсеңіз жақсы. Үстіне жарты лимон шырынын сығып қосуыңызға болады. Ол жасушалардың жаңаруы мен жасаруына жақсы көмек. Әрі көктемгі әлсіздік, витамин тапшылығына қарсы керемет күрес. Тәуліктік қуатыңыздың сарқылмауы мен өзіңізді сергек сезінуіңізге көп үлес қосады.

* Күнделікті сәбіз шырынын ішу, кешке бір жана шикі сәбіз жеп алсаңыз, ол ағзаңызды А витаминімен қамтамасыз етеді, қанды қажетсіз қалдықтардан тазартуға, бауыр жұмысының жақсаруына сеп.

* Қыстан қысылған ағзаны витаминмен қамтамасыз етудің жолы тек таблетка ішу, дәрі ектіру емес, табиғи қажеттіліктерге бай тамақтану. Мәселен, қызылшадан салат жасап, оған аздап зәйтүн майын араластырып жесеңіз болады.  Жержаңғақ майы да тез сіңірілетін, саулығыңызға оңды әсер етеді.

* Көктемгі әлсіздікті, болдыру мен қажуды басу үшін өгейшөп (мать и мачеха), қалақай (крапива) мен бақбақтың (одуванчик) жас жапырақтарын 1 литр суда қайнатып, оны күніне жарты стаканнан ішіп жүрсеңіз, тәуліктік витамин мен микроэлементтердің орнын толтыруға қауқарлы.  Бұл С витамині, кальций, темір, фосфорға бай тұнба. Егер одан қышқыл немесе ащы дәм шықса, қайнатпас бұрын 30 минут тұзды суға салып қою керек.

* Әр күні кешке қарағай қылқаны (хвоя), шүйгіншөп (валериана), сасықшөп (пустырник) жапырақтарының қайнатындысы қосылған ванна қабылдау терінің көктемде түлеп, құрғап, қабыршықтануына жол бермейді. Ол жүйке мен ұйқыны жайландырады. Ал жақсы ұйқы ертеңгі күннің көңілді басталуына жол ашады.

* Таза ауада жүргенде бірқалыпты,  терең тыныс алуға жаттығыңыз. Мұрынмен тыныс алу керек, бірақ ентігуге жол беруге болмайды. Ол тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартып, өкпеге көбірек таза ауа баруына жол ашады. Ал таза ауа арқылы өзіңіз сияқты өкпе де сергіп қалады. Ми жасушалары да оттегімен қанығып, шаршауды басуға көп көмегін тигізеді.

* Өзіңізге өзіңіз массаж жасаңыз. Аяғыңызға, қолыңызға, желкеңізге, тіпті қарныңызға да. Денеңізді бос ұстап, теледидар көргенде, тынығып жатқанда осылай бұлшық еттерді босаңсытып, қан жүгіртіп алу керек. Әсіресе аяқ башпайларына жасалған массаж оның күні бойғы шаршауын басады, жүйкелердің жақсы тынығуына жол ашады.

Қарап тұрсаңыз, түк те қиын емес амалдар. Ал ағзаға көмегі өте көп. Олай болса, еріншектікті ерекше амалдармен алмастырыңыз, саулығыңызға сеп болады.

Жарас ҚАСЫМ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста