Шежіренің тарихи және рухани құндылығы

Шежіренің тарихи және рухани құндылығы

Әр халықтың өзіндік тарихы бар. Ол бағзы заманнан басталсын, немесе тарихы таяу жүзжылды құрасын, бәрібір, ол халықтың кенеттен пайда бола қалмағанының дәлелі. Тарих – мемлекет жайғасқан аймақтағы жердің заңды иесі екендігінің белгісі.

Тарих – сол жерге иелік етіп келе жатқан халықтың ата-бабасының қасық қаны қалғанша қорғап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған меншігі екенінің айғағы. Кез-келген ұлттың өз тарихын қастерлеуінің негізгі себебі осы екенін білуге тиіспіз. Сондықтан да тарих ғылымы - мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып қала береді. Бірақ, сол тарих ғылымының өзінде бір-біріне қайшы келетін қағидалар мен ұстанымдар баршылық. Соның бірі – көшпенді елдердің, номадтардың тарихына деген кертартпа евроцентристік көзқарас. Бұл көзқарас өткен ғасырдың соңына дейін әлемдік тарих ғылымына өз үстемдігін жүргізіп келді. Сондықтан да көшпенді халықтардың тарихы атүсті жазылды, оның ерекшеліктеріне байланысты тарихи деректану саласының дәйектерін есепке алмады, қабылдамады. Өйткені, көптеген халықтардың тарихы тек жазба мәдениетінің мұраларына негізделді. Мысалы, тарихи оқулықтарда адамзат тарихын оқыту міндетті түрде ежелгі Египет, көне Рим империясын түгендеуден басталады. Одан кейін ежелгі жазба ескерткіштері бар Иран, Индия, Қытай тарихына қарай ойысады. Ол рас, тарихты түгендеуге нақты деректер қажет. Тарих боссөзді сүймейді. Сондықтан да археологияға, антропологияға, этнографияға, лингвистикаға арқа сүйейміз. Бірақ, осы орайда көшпенді халықтарға, оның ішінде қазақ халқына тән генеология, яғни шежіретану мәселесі қағажу қалып қойғаны шындық. Шежіре – ескіліктің сарқыншағы, ол отбасының немесе бір рудың тарихы деген көзқарастан әлі толық арылып болған жоқпыз. Шежіреде тарих барын, одан да деректер алуға болатынын Шоқан Уалиханов кәдімгідей айтып кетті. Шежіреде үш мың жылдық этнобиологиялық, этномәдени деректер барын Ақселеу Сейдімбеков әбден толғады. Тек кейінгі уақытта ғана шығыстанушы Юдин сияқты шығыс халықтарының ерекшелігін жақсы білетін ғалымдар шежіреге кәдімгідей назар аударып, халықтың фольклоры тарихи деректерге сүйенетінін ерекше бөліп айта бастады. Қазақ тарихының бүгінгі заманғы әліппесін жазған әйгілі ғалым, жазушы Мұхтар Мағауин былай дейді: «Шежіре деректерін жалған сөз, қисынсыз ертегі деп қарауға болмайды; өйткені түрік-моңғолдар өздерінің ата-тегі туралы шежіреге айрықша мән береді. Олар бұл шежірені, тіпті, тілі жаңа шыққан балаларының өзінің құлағына құйып қояды, сондықтан өз руының шежіресін білмейтін, өзінің арғы тегін тарата алмайтын кісілер мүлде ұшыраспайды. Бұл естен кеткен ескі замандардан күні бүгінге дейін сабақтасып келе жатқан дәстүр»,-деп жазған еді ежелгі мұсылман әлемінің ұлы тарихшысы Рәшид-әд-дин. Бұл жеті жүз жыл бұрын айтылған сөз. Сол дәстүр қазақ арасында күні кешеге дейін сақталып келді. Яғни, қазақ шежіресінің кем дегенде мың жылдық тарихы бар....

Ежелгі қазақ шежіресінің мәнісі неде? Ата-тек тарату – сыртқы көрініс қана. Негізгі мақсат – елдің өзін тануы, халықтың тұтастық сипатын айғақтау, тарихи бірлігін негіздеу. «Жеті атасын білген ер – Жеті жұрттың қамын жер!». Жеті жұрты – бүкіл Алаш баласы. Сондықтан да ата білмек – парыз саналған.

   Ұлы Ғұн патшалығы, Ежелгі Түрік қағанатын айтпағанда, кейінгі Алтын Орда құрылғаннан бері шамамен жиырма бес – отыз ата алмасқан екен. Өзімізге ғана тән Қазақ Ордасының туы көтерілгеннен бері – жиырма ата. Әуел бастан-ақ бір тектес, нәсілдес рулардан құралған қазақ жер тұтастығы, мемлекеттік бірлік, үздіксіз аралас, құда-анда, жекжаттық қатынастар нәтижесінде біртұтас ұлттық сипатқа ие болған. Қазақтың хандық дәуірдегі ұлыстық ұранының негізгі тұрғысы – бар қазақ бір ұядан тарады деген көзқарас. Бұл ұлттық, өміршең идеология ең алдымен қазақ шежірелерінен көрініс тапты» деп жазады бүкіл алаш тарихын зерттеген әйгілі ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин.

     Иә, қазақ халқының шежірешілік өнерінде құнды тарихи деректер барын жазған ғалымдар аз емес. Шежіреге тек тарихи дерек тұрғысынан ғана емес, оның ұлттық тәрбие құралы, ұлттық рухтың қайнар көзі деп бағалайтындар да баршылық. Белгілі шежіреші, зерттеуші, этнограф, жазушы Молдабек Жанболатұлы былай жазады: «Шәжіре – халқымыздың ғасырлар бойғы тарихының негізгі рухани байлығы, тәлім-тәрбие құралы, ұлттық құндылықтарымыздың мәйегі. Ата-бабаларымыздың ұстанған жол-жорасы, салт-салтанаты, рухының қайнар көзі. Иелік еткен жері, оның атаулары, кіндік қаны, маңдай тері сіңген топырағы, ондағы байлық қазынасы. Оны аттан түспей, бел шешпей жүріп қорғап, гүлдендірген ата-баба өмірінің өнегесі, ерлік үлгісі, адамгершілік болмысы. Тұқым-тегіміз, қанымыз, әрбір ата – рудың нәсілдік ерекшелігі, әркімнің түр-әлпетіндегі, пішін кейпіндегі, тұлға-тұрпатындағы өзгешеліктері, тұқым қуалайтын абзал қасиеттері, қазақы мінезі, пейіл дархандығы, пиғыл кеңдігі, ниет тазалығы, көңіл жүйріктігі, сезім сергектігі. Шәжіре – әрбір пайпа, ру, ата-әулеттің кәсіп-қарекетіндегі биологиялық, психологиялық қасиеттерін саралайтын, өзге ешбір жұртта жоқ қазына».

     Міне, осындай зерттеу мен зерделеуге терең үңіліп қарайтын болсақ, шежіре ата-тегіңді түгендеу ғана емес, олардың өмір салтын, тұрмысы мен ерлігін, қасиеті мен қарекетін қоса насихаттау болып шыға келеді. Шежіре дегеніміз тарихи деректердің дастаны екен. Сондықтан да оған қайыра үңіліп, ғылыми негіз іздейтін уақыт жеткен сияқты.  

   «Ата қазақтағы үлкенді-кішілі рулардың жекелеген шежірелері жинақтала келе, бүкіл Алаш шежіресі түзілмек. Яғни, кез келген ру шежіресі – бүкіл қазақ болмысының бір бөлшегі. Бөлшексіз бүтін жоқ. Бүгінгі жекеленген рулар шежіресі – сол бүтінді құрастыру жорлындағы игі талап деп бағалануы ләзім.

    Әлбетте, ежелгі шежірені зерделеу – Ғылым академиясының шаруасы еді. Арғыда тиым салынды. Енді, бүгін, мүлде жабық, көмулі қалған ғылыми негіздегі тарихты игеруден қолдары тимей жатса керек. Болашақ ісі.

    Мен 1962-1965 жылдары, көне жыраулар мұрасын іздестірген аспирант кезімде Ғылым академиясының архив қоймасындағы ежелгі шежіренің ескі нұсқаларын біршама ақтарған едім, талай дерек тауып, талай күңгірттің бетін ашқан едім. Ол мұра күні бүгінге дейін қозғаусыз жатыр.Енді еліміздің әр тарабынан жаңадан құрылып, жинақталып, көпшілік алдына шығып жатқан шежірелермен ұштасса, қазақ ғылымы үшін таусылмас қазына болар еді. Ол шежірелер мен бұл шежірелер салғастырыла, үйлестіріле келе, алдағы бір заманда жұртшылық алдына әлденеше томдық «Бүкіл қазақ шежіресі» таратылуға тиіс.

     Ұлттық танымның өзгеше бір бұтағы шежіренің өрісі күн озған сайын ұзара бермек» деп жазады Мұхтар Мағауин.

Серік Ақынжанов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста