Рухани құндылық – ұлтты алға жетелейді

Рухани құндылық – ұлтты алға жетелейді

Ұлттық құндылық дегенде ең алдымен ойымызға ұлттық салт дәстүр, тіліміз бен діліміз, ұлттық мәдениет мен өзіміздің ұлтқа ғана тән ұлттық тағамдарымыз, ұлттық аспаптарымыз бен киімдеріміз, ұлттық ойындарымыз, қазақ халқына ғана тән ұстанымдарымыз келеді. Олардың насихаты артып, қоғамдағы рөлі биіктеген сайын ұлтымыздың да рухы жоғарылай бермек. Оы тұрғыдан келгенде ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттың тілінің қолданыс аясы кең болуы жолында елімізде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Нәтижесінде дәл қазір қоғамымызда қазақ тілді аудиторияның белсенділігі айтарлықтай байқалып отыр. Сәйкесінше ұлттық рухы көтерілген халық татой жасаса ұлттық стильде жасап, барлық қуанышында ұлттық киім киюді әдетке айналдырып отырғанын байқаймыз.

Тіпті жастар арасында да этно стильдегі киімдердің трендке айналуы көп нәрсені аңғартады. Мәселен биыл жастар арасында этно стильдегі тақиялар мен шапандар, кеудешелер кең тарады. Осы орайда  қолөнер шебері Ләззат Әділхан "Бұрын ұлттық киім туралы сөз болғанда олардың қымбаттығы халық арасына кең тарауына тосқауыл болып отыр" деген пікір көп айтылатын. Қазір әлі де болса ұлттық киімдердің бағасы түскен жоқ. Алайда халықтың сұранысы жоғары болды. Көктемде шекелік тақия мен кеудешені тіпті жасөспірімдер де көп киді. Демек ұлттық киімдеріміздің қымбаттығы да халық қалауына қарсы тұра алмайды. Бастысы халықтың қалауы, ниеті. мемлекет тарапынан да осы бағытта атқарылып жатқан шаралар, ұлттық құндылықтарымыздың насихаты дұрыс жүріп жатқанын аңғарамыз. Әсіресе соңғы бес жыл көлемінде қазақ әйелдерінің киімге деген талғамы кейінгі күрт өзгергенін бақап отырмыз. Бұрын қыз- келіншектеріміз батыстың сән үлгісіне көбірек қызығатын болса, қазір күнделікті киімінің өзіне оюы бар ұлттық нақыштағы киімдер араластырып отыруды жөн көреді. Мұны байқаған сән үйлері де қазір ұлттық бағытқа баса мән беруде. Яғни сұранысқа сай жұмыс істеуге барынша тырысып жатыр" дейді.

Расында да ұлттық бірегейлікті сақтауда оның насихатының маңызы зор. Әсіресе түрлі мәдениет тоғысқан жаһандану кезеңінде ұлттық құндылықтарымыздың насихатының барынша кең көлемде жүргізілгені дұрыс. Осы орайда атап өтер жайт, әр ұлттың өзіндік болмысымен, тарихымен үндескен ұлттық құндылықтары жылдар бойына сақталып келеді. Біздің қазақ халқы да салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа бай халық. Еліміздің жүріп өткен жолында әр заманның өзіне тән салты мен дәстүрі, ұстанымдары қалыптасқан. Әсіресе халқымыз ата-бабаның домбырасының үнімен, әсем әуендерімен, жыр дастандарымен жеткізген рухани мұраға бай. Өзіндік ұлттық бояуы бар әуендеріміз де, жыр термелеріміз ауыз әдебиеті арқылы бүгінге жеткен. Қазіргі таңда соның қадірін біліп, тыңдаушысы барының арқасында елімізде қалыптасып келе жатқан этно стильдегі топтарымыз да қалыптасып келе жатыр. Қазір елімізде ғана емес, халықаралық түрлі мәдени іс шараларға қатысып жүрген өнер көрсетіп жүрген этно топтарымызға халықтың ықыласы зор!

Олардың қазіргі уақыт сұранысына сай әндері қазір халықтың көңілінен шығып отыр. Халқымыздың әрбір салты мен дәстүрінің тәрбиелік мәні тереңде. Сол жылдар бойына қалыптасқан тәрбиелік мәні бар ұстанымдарымыздың арқасында жаханданудың жетегінде кетпей, ұлтымызды сақтап келе жатырмыз деуге болады. Үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарайтын ұстанымымыздың арқасында, қазір отбасылық құндылықтарымыз да сақталып келеді. Отбасындағы әкенің рөлі, ананың орны секілді өмір сүру стильінің барлығында ұлттық тәрбиелік ұстанымыздарымыз жатыр. Осы орайда В.И.Белинскийдің «Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып,ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан- ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет-әлпетсіз бейне, болымсыз тас-мүсін тәрізді» деп салт-дәстүрге баға беруі бекерден бекер емес. Ұлттың қалыптасуында ұлттық салт дәстүрлеріміздің де өзіндік орны бар. 

Ұлттық құндылық дегенде халқымыздың кейбір ұстанымдары да еске түседі. Әсіресе халықтың "жеті атасын білмеген жетесіз" деп, ұрпағының жеті атасын түгелдеп жүруінің маңызы зор. Қазақта бала кішкентайынан бастап жеті атасын үйретеді. Бұл ең алдымен баланың ата бабасын ұмытпауы, қол жайып құран оқып, болашақта қан тазалығын сақтауы үшін жақын жуық, туғанын танып өсуіне де пайдасы зор әдет. Бір ғана осы әрекетінен ақ қазақ халқының ұлттық тәрбиесінің, ұстанымының маңызын аңғаруға болады. Ұлтымыздың қанға сіңген осы бір жақсы қасиетінің арқасында қазіргі таңда генге қатысты көптеген аурулардан да халқымыз адам деуге болады. Қазақ «жеті атасын білмеген жетесіз» деп бұл дәстүрдің маңыздылығын айшықтап берген. Бұл дәстүр – ұрпақ саулығын, қан тазалығын, тектілікті сақтаудың ең ұлы жолы екенін қазір шетелдік ғалымдар да мойындап отыр. Тіпті болашақ ұрпақтың қан тазалығы мен денінің саулығын сақтау мақсатында жеті атаға дейін қан араластырмау заңы – ата бабамыз қалыптастырған институты деуге болады. Ешқандай академия немесе университет аяқтамай ақ жылдар бойына халқымыздың осындай дәстүрді сақтауы халқымыздың ұлттың құндылықтарына айрықша қарағанының бір дәлелі дей аламыз. Тіпті Тәуке ханның "Жеті жарғысында" некелік қатынастар туралы бабында бұл ұстанып, айқын жазылып отау құрғысы келген жастарға шарт етілген. Бұл да болса жылдар бойына ұстанып келе жатқан халқымыздың өзіндік ұстанымының өміршең, құнды екенін аңғартады. 

Еркенұр Қонысбай

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста