Ел тарихын түгелдеу жарқын болашақ кепілі!

Ел тарихын түгелдеу жарқын болашақ кепілі!

Еліміздің тарихы әрқашан назардан тыс қалған емес. Тіпті мемлекет басшысының Жолдауларында да тарихқа мән беріп, тарихымызды түгелдеу, өткенімізге дұрыс баға беріп, тарихи тұлғаларымызды бағамдау жолында түрлі бағдарламалар жасалып та жатыр. Жалпы әлемдік тәжірибе тұрғысынан  бағалайтын болсақ, тарихқа арқа сүйемесе болашақ бұлдыр. Сондықтан тарихты түгелдеу жолындағы еліміздің ұстанымы құптарлық. Осы орайда айта кетсек, Елбасымыз да ұлттың тарихына деген өзінің көзқарасын 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында атап өтіп, өз ұстанымын білдірген еді. Оның сыртында осыдан жиырма жыл бұрын 2003 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы аясында елімізде тұңғыш «Мәдени мұра» бағдарламасы жарияланып, қоғамда үлкен серпіліс туғызған болатын. Президент Жолдауынан соң "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында жоғымызды түгелдеп, біраз тарих қойнауы ақтарылған еді. Яғни тарихқа баға беріп, жоғымызды түгелдеуді осыдан жиырма жыл бұрын қолға алған болатынбыз. Бүгінде Елбасыдан басталған тарихты түгелдеу бастамасы Қасым-Жомарт Кемелұлы тарапынан да қолдауға ие болып отыр.

Өйткені Елбасы бір сұхбатында «Біз кемел келешегіміз туралы армандай отырып, келелі өткеніміз туралы да ұмытпауға тиістіміз» деген болатын. Бүгінде өткенімізді түгелдеп, ертеңімізден ұялмайтындай бүгінгі тарихты құру үстіндеміз. Мәселен "Мәдени мұра" бағдарламасы жүзеге асырылған 2004-2011 жылдар аралығында еліміздің тарихы бойынша көптеген зерттеулер жарық көрді, шетелдің де архивін ақтаруға мүмкіндік туды.

Тарихшы Руслан Әлімбай "мақтанышпен айтар нәрсе халқымыздың тарихында ұятпен еске алатындай дүние жоқ. Халқымыз әрқашан "ешкімге соқтықпай, соқтыққанды аямай, бәріне қол жеткізді. Біздің тарихымыз сонау ежелгі сақ және ғұн тайпаларынан, Көк түріктер елі мен мен сол кезеңдегі әлемге орасан зор саяси және дүниетанымдық ықпалын жүргізген Алтын Орда секілді үлкен өркениеттер тоғысынан бастау алады Тарихи тұлғаларымыз да жетерлік. Мәселен қазақ хандығының негізін салған Керей мен Жәнібек хан­дардың еңбегін қалай атап өтпеске?! Қасым хан, Жошы хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан секілді тұлғаларымыздың барлығының халқымыздың негізі Қазақ хандығын құру жолындағы еңбектері ерекше. Біз оларға қарап отырып, тарихымыз жоқ, бүгінгі күнге оңай жеттік деп айта алмаймыз" дейді. 

Расында да ұлтымыздың құқықтық жүйесін бір ізге түсірген «Қасым хан­ның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» мен әз Тәукенің «Жеті жарғысы» дала заңы жүйесінің қайнар көзіне айналып қана қоймай, бүгінгі күні үлгі етіп айтарлық үлкен қазына. Мәселен құқық жүйесінде осыдан бірнеше жыл бұрын медиация әдісін енгізіп сүйіншілеп кеттік. Анығында шетелдік жүйе деп әспеттеген дүниеміз, өзіміздің дала заңының бітімгершілік үлгісі болатын. Шетелдің озық жүйесі біздің талай ғасыр бұрынғы ата бабаларымыздың ұстанымы болатын. Яғни сол кездегі би, хан, батырларымыздың талай басқару жүйесінің дұрыс екеніне қазір көзіміз жетіп отыр. Тарих қойнауына үңілсек мұндай артықшылықтар жетерлік.

Тарихқа үңіле отырып, ұялудан гөрі мақтаныш етер артықшылығымыздың тағы бір көрінісі сонау аласапыран жылдары талай ұлтты бауырға басуымыздың арқасында, әлі күнге бір шаңырақтың астнда жүзден астам ұлттың өкілін бір атаның баласындай ұйытып отыруға шамамыз жетіп отыр. Бұл да болса халқымыздың талай жылдан бергі дұрыс даму, сарабдал саясатының арқасы деп айта аламыз. Яғни тарихымызға көз жүгіртсек мақтаныш етер дүние көп. Мақтаныш дегенде еске түсетіні, атом ядросынан алғаш болып бас тартуымыз, соғыс кезінде жаудың баласы немесе бөтен ұлт демей бауырға басуымыз деп мақтанышпен айта аламыз. Нұрсұлтан Әбішұлын жаһандық саясатта танымал еткен ең алғашқы қадамдардың бірі нақ осы Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы Жарлығы болатын. Бүкіл Адамзат алдында жоғары бағаға ие болған бұл қадамды өткен тарихымызға ұялмай қарайтын бір шешім дей аламыз.

Шыны керек сол жылдары талай ел Қазақстанға үлкен күдікпен қарап отырды. "КСРО секілді әскери әлеуеті зор мемлекеттің ядролық қару-жарағына ие болып, қалай пайдаланады, жауып тастай ма, жоқ әлде сыртқа сес ретінде ұстап отыра ма" деген секілді сұрақтармен талай ел аңдып отырғанда жаңа бір шиеленістің ошағына айналдырмай, бәрін бейбіт жолмен, шешуі, атомды бейбіт мақсатқа қолдануға үндеуі талай елді қуантты. Тарихшы Қасым Тәберік: "Рас, біршама тарихымызды түгелдедік. Алайда әлі де болса тарих қойнауында жатқан, бағасын алар дүниелеріміз көп. Мұны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та мойындады. Ол өз сөзінде бірнеше рет Тәуелсіздіктен бергі тарихымызды қайта жазу турал айтып жүр. Тәуелсіздіктен бері қарай кезең-кезеңге арналған тарих оқулықтары баршылық. "Бір жайтты ескеру керек – жаңа тарихты жазуға қазіргі
методология жарамайды. Жаңа тарихты жаңа методологиялық, жаңа теориялық ұстаныммен жазу керек» - дейді мемлекет басшысы. Сондықтан қазіргі таңда Тәуелсіздік жылдарына арналған жүйелі оқулық жазу мәселесі жиі қозғалуда. Тәуелсіздік алған соң да еліміз тез еңсесін тіктей қойған жоқ. Талай қиындықтардан өтті. Сондықтан жас ғалымдарымыз еліміздің өтпелі кезеңінің қиыншылықтары туралы, еліміздің нарықтық экономикаға өткен кездегі қиыншылықтары, қалай бейімделгені, мемлекетті аяқтан тұрғызу кезінде кездескен қиындықтар туралы жазып шықса жақсы болар еді. Жалпы өткенсіз өзіңді тану жоқ. Сондықтан ендігі жерде де тарихымызды түгендеуден шаршамауымыз керек" дейді

Еркенұр Қонысбай

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста