Жыланды арбаған Бақыр молда

Бақыр молда жас кезінде Самарқанда білім алып, дінді меңгерген кісі. Сиқыр оқуын білген. 1974 жылы өмірден озды. Ауылдағы өлім-жітімдегі жаназаны Бақыр молда атқаратын. Ел ол кісінің алдын кесіп өтпейтін, сондай сыйлы кісі болды.
Бірде атамдар жайлауда жатады. Жайлаудағы мал суаратын насостан сәл алыстау екі тонналық ескі бөшкені алып тастап, орнына іске жарамдысын қоймақшы болыпты. Бөшкенің іске алғысыз болып қалғанына 4-5 жылдың жүзі болса керек. Сөйтіп, қарулы 2-3 жігіт бөшкені орнына аударып тастағанда бір ғаламат жайтқа куә болады. Асты толған жылан екен. Шамасы ордалы жыланның ұясы... Мұны көрген олар залалы тимесін деп сол маңнан ұзап кетеді. Көрешектің көкесі ертеңінде басталыпты. Ордалы жылан қора-қопсы, үй жайды басып алып, атамдар аяқ алып жүре алмайды. Өлтірейін десе, олар шамадан тыс көп. Сөйтіп, не істерін білмей амалы құрып отырғанда арасындағы біреуі Бақыр молданы шақыру керектігін айтады. Қырсық қылғанда Бақыр ата да ұстата қоймаған. Оған хабарлап, ол келем дегенге тағы да 2-3 күн өтеді. Атамдар есі шығып отырғанда таң ата ауылға Бақыр молда жайлау аралап жүретін автодүкенмен жетіп келіпті. Мән-жайға қаныққан ол ордалы жыланның ұясына барып маңайындағыларды кері қайтарыпты. Содан не керек, шамалы уақыт ерні жыбырлап, дұға оқып кері қайтыпты. Атамдар Бақыр молданың бірден кері қайтқанын қаламай, оған қанша қал деп қолқалағанымен, ол қайтып кетеді. Мына қызықты қараңыз, Бақыр молда кетісімен, қора-қопсы мен үй жайды басып алған жыландар шұбатылған күйі шығысқа қарай көшіп кеткен екен. Атам бастаған жігіттер бұл жайтты тамашалай түспек болып, жыландардың соңынан ілеспек болады. Алайда олар ілестірмей, шөп арасына сіңіп, демде ғайып болады. Кейін Бақыр молда олардың ордалы жылан екендігін, егер біреуін өлтіргенде жағдайдың қиын болатынын ғана айтыпты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста