Жер домалақ емес, жалпақ – америкалық ғалым

Жер домалақ па?

Ертеректе үлкен кісілердің аузынан жер жалпақ, көк өгіздің мүйізінің үстінде тұр, өгіз тасбақаның, ал тасбақа суда жүзген үлкен балықтың үстінде екен. Өгіз мүйізін шайқағанда жер қозғалатын көрінеді дегенді естуші едік. Кейнірек мектепке барғанда жер домалақ, ауада қалқып жүреді дегенді санамызға сіңірдік. Осы түсінікпен әлі күнге дейін өмір сүріп келеміз. Дегенмен де, кейінгі кезде көп адамдар, оның ішінде мүйіздері қарағайдай үлкен ғалымдардың аузынан жер домалақ емес, жалпақ деген пікір естіліп қалып жүр. Осының қайссы дұрыс?

АҚШ ғалымының айтқаны

Ютубте эжарияланған видеода 1957 және 1971 жылдары Антарктидаға экспедиция құрамында барған мамандығы геофизик ғалымның айтқан таңғаларлық жайы баяндалады. Өмірінің соңына дейін ол бір кезде құпияны ашпау жөнінде шартқа қол қойғандықтан, ешкімге бір ауыз сөз айтпай жүреді. Бірақ, қатерлі ісікпен ауырып, аз ғана ғұмыры қалғандығын естіген кезде, құпияны өзімен бірге о дүниеге әкетпей, жариялауға бел байлайды. Сонымен ғалым не дейді дейсіз ғой?

-1957 жылы ғылыми экспедицияның құрамында Антарктидада болдық, -дейді ол өлер қарсаңында жазып қалдырған видеомәлімдемесінде. Экспедиция мұзды құрлықта екі-үш айдай жұмыс жасаған соң, оларды басқалары ауыстырады екен. Бұлардың қайтатын уақыты жақын қалады. Сол кезде мұзды құрлықта қатты дауыл тұрады. Жел, тіпті троспен қазыққа байланып бекем орнатылған радиомұнараларын ұшырып әкетіпті. Қатты жел қалың қардың сөбесін сөгіп, көп жерлер жалаңаштанып қалады.

Содан жел сәл баяулаған кезде олар 70 градустық аязда қолдағы бар техникаларымен ұшақ қонатын алаңды тазартып, дайындайды. Содан ұшақ келіп қонады. Техникаларын теңіз арқылы келген кемеге тиеп, өздері ұшаққа отырып, қайтуға дайындалады. Дегенмен, арнайы тапсырма бойынша ұшақпен жақын аумақты зерттеп, суретке түсіру қажет болады.

-Қатты дауыл қарды ұшырып, көп жерлер жалаңаштанып қалғандықтан, айнала қатты өзгерген екен, -дейді ғалым. –Ұшып келе жатып, қайран қаларлық көрініске тап болдық. Египет пирамидаларына қатты ұқсайтын биік екі пирамиданы көрдік. Тас төселген жолдар, тіпті пирамидаға кіретін қақпа да анық көрінді.

Пирамидаларды суретке түсіргенмен, сол маңайға қонып, зерттеу мүмкін болмаған. Кейінірек, қар айналаны қайта жапқан кезде әлгі орынға барып, қазба жұмыстарын жүргізіп көріпті. Бірақ та, қалың қарды аршу мүмкін болмағандықтан, пирамида құпиясы ашылмай қалады.

1971 жылы штаттық киім киген орталық барлау басқармасының екі қызметкері келіп, ғалымды Вашингтонға алып барады. Осында ол бір генералмен кездесіп, сөйлеседі. Генералдың айтуынша, сол жылы қатты дауыл тұрып, Антарктиданың көп жерлері ашылып, жалаңаштанып қалған. Осыны пайдаланып, мұзды құрлыққа жедел экспедиция ұымдастырылмақ екен. Ғалымды сол экспедицияның құрамында болуға шақырады.

Осылайша, ғалым арада көп жылдар өткен кезде баяғы ұшақтан көрген пирамидаларды қасынан көруге, тіпті қақпасы арқылы ішіне кіруге мүмкіндік алады. Кіші пирамиданың ішінде сынап тәрізді сұйықтықтан тұратын үлкен экран болған. Бұл өзге әлемге енетін портал, яғни есік екен. Ғалымды оған кіргізбеген, дегенмен, бірнеше әскерилер кіріп, арғы жағында не барлығын көріп қайтыпты. Солардың бірінің аузынан ғалым портал арқылы арғы жағындағы жасыл желекті құрлыққа енгендігін, онда өзге тіршілік иелері барлығын көргенін естіген.

Осылайша, американдық ғалым жердің біз түсінетіндей домалақ емес, жалпақ екендігін, миллиондаған шақырымдарға созылатындығын, біздің дүниеміз жан-жағынан қоршалған, арғы жағына арнайы портал, яғни қақпалар арқылы ғана енуге болатынын айтады. Веда ілімінде бұл жайында толық және жан-жақты баяндалған.

Жердің домалақ емес, жалпақ екендігін ресейлік үшінші көзі ашылған, бойында қасиеті бар Лариса Гуляева деген қыз да растайды. Ол миллиондаған шақырымға созылатын жердің аралдар тәрізді бірнеше бөліктен тұратынын, аралары таумен бөлінгендігін айтады. Яғни, параллел әлемдер бар деген ғылыми түсінік түгінде теория болудан қалған секілді. Егер жердің жалпақтығы дәлелденсе, бізбен параллел өлшемдерде басқа да тіршілік иелері өмір сүретіндігі анықталса, адамзат дамуы күрт өзгеретіні анық.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста