Жауырыншы жайлы не білеміз?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Қазақ халқының таным-түсінігінде жауырыншы деген сөз жиі айтылады. Кезінде ұлттық дәстүрді ұмытып қала жаздадық емес пе? Соның салқыны шығар, біз өткеніміз жайында көп нәрсе біле бермейміз. Осының салдарынан көп нәрсені естен шығардық. Қазіргі таңда оларды қайтадан жаңғыртуға мән беріп келеміз. Жалпы, жауырыншы дегеніміз кім? Жауырыншы — жауырын сүйегіне қарап болашақты болжайтын адам. Бұл жөніндегі деректер батырлар жыры мен ертегілерде жиі кездеседі. Оған адамның тісі тимеген қойдың жауырыны пайдаланылады. Оның етін сылып тастайды, сосын оны кептіреді. Отқа салып қарап отырып, соғыс, жорық нәтижесін болжайды. Содан кейін аталмыш мақсатта жауға қарсы айла жасап отырған. Осыған қарай отырып, жауырыншылық тек көшпенді халықтарға ғана тән өнер екенін аңғаруға әбден болады.
Дерек көздеріне сүйеніп қарап көрсек, жауырыншылықпен көбінесе батырлардың өздері айналысқан. Мысалы, Қазтуған жырында Қара Бұқан батыр, қазақ-жоңғар соғыстарына қатысушы Жасыбай, Ханкелді батырлар да жауырыншы болғаны айтылады. Соғыс кезінде батырлардың ғана емес, жауырыншылардың өнері мен күші де сынға түскен. Мысалы, бір аңыз әңгімеде Жасыбай батыр мен қалмақ жауырыншысының айқасы айтылады. Ескіден қалған "Есепшіні жұт алады, жауырыншыны жау алады"деген мақал біраз жайды аңғартса керек-ті. Жауырыншылық өнердің соғыспен және әскерилер қауымымен тікелей байланысты екенін көрсетеді.
Радлов пен Палластың еңбектерінде қазақтардың жауырынмен болжам жасайтыны жазылған. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай заманда жауырыншы ақсарбас қойдың ақ жоңқа жауырынын аударып-төңкеріп отырып сөйлейді. Жауырынның етегі жалпақ, ойықтау болса малы көп, бай болады, қазан шұңқыры терең болса дастарқаны мол, өмірі жайлы, жылдан аман-есен шығады деген ұғымдар айтылады. Қыр сүйегі биік үшкірлеу болса, аты жүйрік, қыр сүйегінің майысқан жері сұқ саусаққа ілініп тоқталса, түйе-сиыр өріске толады дейді. Ол доғалдау келсе, дәулеті шалқиды, іргеден құт кетпейді деп жорыған. Жауырын сүйек қалың болса, қоғам тыныш болады. Жауырын алақанында алашұбар дақ болса, ел іші ала, кереге басы пәле, жаугершілік болады, қыр сүйек ұзын болса, ғұмыр жасы ұзақ, үрім бұтағы да жетіледі деп байлам айтып, долбар жасайды. Қысқасы, қазақтың жауырыншылық өнері жөнінде қызыға түссең, біраз мәлімет алуға мүмкіндік бар.
Елдің аузында айтылып жүрген деректер де жоқ емес. Ілгері өткен заманда дәулеті тасыған бір байдың жылқысы қолды болған екен. Оны барымташылар алдына салып айдап кеткен көрінеді. Бұл хабарды естіген елдің адамдары олардың іздеріне түседі. Барымташылар да әбден әккі болса керек-ті. Ізден адастырып кетпек болады. Бірақ, ізге түскен адамдар олардың қыр соңынан қалмайды. Барымта жасағандар "Олар біздің соңымыздан неге қалмай келе жатыр" деген сауал төңірегінде ойласады. Олардың артынан шыққан топта жауырыншы болған екен. Жауырыншы алдыңғы топтың қалай бет алғанын жауырынға қарай отырып, тап басып біліп отырғанға ұқсайды. Дегенмен, оны қасындағы жігіттердің барлығы біле бермеген секілді. Арасында "Қой, кейін қайтайық. Барымташыларды таба алмаймыз" деген сыпсың сөз де шығады. Сонда әлгі жауырыншы қоржын түбіндегі жауырынға қарап "Жігіттер, айтқандарың рас секілді. Бұлай жүре берсек, оларды қолға түсіре алмаймыз. Олардың арасында жауырыншы бар екен. Сол біздің қай жерде келе жатқанымызды та басып отыр. Сондықтан атты теріс ерттеңдер" деген екен. Бұл бұйрықты жанындағы жігіттер заматында орындайды. Бұл алдыңғы топтағы жауырыншыға қарсы қолданылған айла болса керек-ті. Сол сәтте алдыңғы топтағы жауырыншы "Енді ешқандай алаңдайтын жағдай жоқ секілді. Ешбір қам жемей-ақ қоялық. Менің болжамымша, қуғыншылар әбден сілесі қатқаннан кейін елдеріне қайтқан болуы керек. Ерлері теріс қарап кетіп бара жатыр. Демалайық" дегенге ұқсайды. Барымташылар үш күн, үш түн кірпік ілместен келе жатқан. Атсоқты болып, демалып жатқан олар қуғыншылар қолына осылайша оп-оңай түседі.
Әрине, мұны қазақтың көріпкелдік қасиетінің бірі деп айта аламыз. Адамның қоршаған ортадағы обьективтік құбылыстар жайлы сезім мүшелерінің қызметімен түсіндірілмейтін, ақылдан тыс ақпарат қабылдау мүмкіндігін көріпкелдік деп атайды. Мұндай қабілетке екі адамның бірі ие бола бермейді. Сондай қабілеті бар адамдар құпия және сыртқы және ішкі күштердің әсері арқылы және тікелей олармен байланысқа түсіп, болашақтағы оқиғалар туралы, жоғалған заттың немесе адамның мекені жайлы жекелеген ақпарлар бере алады. Адамның денсаулығы жөнінде ғылыми медицина әдіснамасы мен құралдарын пайдаланбай-ақ болжам жасай алады. Өкінішке қарай, әзірге осындай қабілет иелерінің өздері д, ғылыми зерттеулері де әзірге нақтылы бір тоқтамға келген ғылыми тұжырымды түсінік бере алған жоқ.
Көріпкелдік тылсым сыры мол құпия әлем секілді. Сондықтан оны әсіре мистифиациялау мен алдаудың құралына айналдырып алған адамдар да арамызда кездеседі. Дегенмен, олардың түпкілікті зерттеп көрсек, біз біле бермейтін көптеген сырларға қанығуымыз әбден мүмкін.

Әділет Талаптан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста