Жартылай еркек, жартылай ұрғашы...

Жартылай еркек, жартылай ұрғашы...

Өздеріңіз білесіздер, жануарлар мен жәндіктердің де адамдар секілді жынысына қарай еркегі немесе ұрғашысы болып бөлінетінін.

 

Десе де табиғатта екі жынысты жәндіктердің кездесетінін айта кету керек. Мұны керемет үйлесім тапқан табиғи жаратылыс дейсіз бе немесе мыңнан бірінде кездесетін генетикалық ақауға жатқызасыз ба, өз еркіңіз.

 

Сөйтсе де гинандроморфизм деп аталатын бұл құбылыс ғалымдарды бұрыннан бері толғандырып отыр. Екі жыныстың да белгілері мен қасиеттерін сәтті ұштастыра білген тіршілік иелеріне қатысты зерттеу жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.

 

Таяуда ғана Корнел университетінің ғалымдары түн қатып жортатын араның гинандроморфтық ерекшелікке ие түрін тапқан болатын. Megalopta amoenae деп аталатын жәндік Панама аумағынан табылған еді. Ол Орталық және Оңтүстік Америкада тіршілік етеді. Араның сол жақ жартысының физиологиясы еркекке тән: шықшытынан төмен орналасқан жағы кішкентай, антеннасы ұзын әрі жіңішке келеді, ал аяғында аздаған түгі бар. Оң жағына келсек, ұрғашыға тән физиологиялық ерекшелікті байқайсыз: антеннасы қысқа, жақтары жалпайған әрі артқы аяғы жуандау.

 

Осы уақытқа дейін гинандроморфтар аралардың, көбелектердің, шаян тәрізділердің, құстардың кем дегенде 140 түрінен кездескен болатын.

 

Бір қызығы, сүтқоректілер арасында гинандроморфизмдік ерекшелігі барлары кездеспеген.

 

Сонымен жәндіктер мұндай мутацияға қалай және не себепті ұшырайды? Әдетте жарғақ қанатты жәндіктердің аналық жасушасы ұрықтанса, одан ұрғашы балапан жаратын жұмыртқа пайда болады. Егер ұрықтанбаса, еркегінің жұмыртқасы пайда болады.

Егер аналық жасуша бір ұрықталғаннан кейін екінші, кейде үшінші еркек сыңарының шәуһатымен тағы ұрықтанса, онда эмбрион еркек жәндікке тән тінге ие болады.

Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

 

 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста