Ұшқатты асуындағы періште қыз

Ауылымызға жетер жолда Ұшқатты деген жер бар. Аты айтып тұрғандай осы бір кіл бұрылыстан соң   құлдырап төмен қарай ұшып, сайға түскен бойда кілт бұрыла жоғары өрлеу керек. Аса жіті қимылдап, қапы қалмастай тормозды басып, жылдамдықты азайтып,кейін өрге көтерілу үшін  қайта жылдамдық қосып үлгеру әсіресе қыстың күні өте қиын. Автобус және жүк көліктері болмаса, тау баурайында жатқан ауылға көп аса көлік те келе бермейтін. (Жеке көлік деген жоқ кез ғой). 

 

Жол апаты болмасын деп  қыста сол жерде бульдозер трактор сияқты ауыр техниканы көмекке дайын ғып, кезекке қоятын. Боран соғып әсіресе жол тайғақ болғанда адам толы автобусты сүйреп өрге шығарып, құлдилай төмен құлдырай ұшатын жерден өткенше қарап тұрады ( менің тракторшы ағам жиі кезекке кететін еді). Көбіне автобус жүретін уақытқа қарай  барады.

 

 Тап осы жердегі елес туралы  бала кезде естігеніммен бөлісейін.

 

Ұшқаттыға жеткенше көлік өрге ыңыранып әрең көтерілетін тұс бар. 1-2 - жылдамдықпен ыңыранып көтерілем дегенше ішің пысады. Шаршап келе жатқан жүргізушіні әдетте тап осы жерде ұйқы қысады. Апат сол себептен болады деп жататын жұрт. Әлгі кілт бұрылып төмен құлдырайтын тұста көзі ілініп кетіп, ұшып кетіпті дегенді қанша естідік. Ұшқатты деп аталатыны содан.

 

Бірде  біздің үйге облыс орталығынан бір кісі жүк көлігімен келді. Сол  жүргізушінің  бәріміздің аузымызды аштырып айтқан әңгімесі  есімде қалды.   Өзі аң- таң болып айтқаны:

"Өрге  жақындап келгенде алдымнан бір қыз шықты. Ұйқы басып келе жатқан.  Қуанып кеттім" деді ол. Сол маңда малшы қыстақтары  көп болғандықтан түн ішінде не ғып жүр деген ой болмайды ғой. Тоқтап, мінгізіп алады. "Сөйлесіп баратын жақсы болды. Әйтпесе кірпігім айқасып, арпалысып келе жатыр едім" деп  самбырлап сөйлеп келе жатады. Құлдырап төмен құлайтын тұсқа кеп қалғандықтан қасындағы қызға қарауға мұрша болмайды. Рөлге жабысып, көзін жолдан алмай, көліктің доңғалағы тайып кетпеуін қадағалап, манағыдай емес ұйқысы шәйдай ашылады. Әбден өтіп, ух деп:  "әупірімдеп өттік-ау, ә" деп қасына қараса... О, тоба?!  Ешкім жоқ. Қыз қайда?

 

Өз көзіне өзі сенбейді. Түсіп қалды дейтін емес. Жүріп келе жатқанда есіктің ашылып- жабылғанын естуі керек қой. Тоқтап мінгізіп алғаны, қасында отырғаны анық. Жұп- жуан қос бұрымын алдын салып, шашының ұшын тарақтай ұстаған сүйрік саусақтары көз алдында.

 

"Апырмай,ә! Бұ қалай? "

 

Көліктен түсіп, біраз кері жүріп, жан- жағына қарап біраз тұрады. Түс көрдім бе дейтін емес. Сол қайран қалған күйі ауылға жеткен екен. Содан тап осы жағдайды басынан өткерген бірнеше адам болды.  Бәрінің айтатыны бірдей. Қос бұрымы беліне жететін әдемі қыз өрге шығатын жерде көлікке отырады, қауіпті жерден өткенде жоқ боп кетеді. Үлкендер "періште қыз қорғап жүр" деп ол жерден өткенде білетін дұғаларын айтып өтіңдер деді. Сол жылы қыста жолдың сол бөлігінде бірде бір көлік апаты болмады.  

 

Мен ауылдан кеткелі 38 жыл. Ұшқаттыдағы періште қыздың елесі әлі бар ма, жоқ па, білмеймін. Батыс Қазақстан облысы жақтағы қыздың елесі туралы хабарды оқығанда осы оқиға есіме түсті.

 

 

Бақыт Жаншаева

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста