Семейдегі жеңіл жүрісті қыздардың жарнамасын жариялайтын сайттардың бірінде жаратылысы бөлек семейлік қыз туралы қызу талқылау болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Омырауында үш анары ойнаған әйелді америкалық киножұлдыз Арнольд Шварценеггер ойнайтын фантастикалық фильмнен ғана емес, Семейдегі жезөкшелер үйінен де кездестіруге болады екен.
Кеудесінде үш анары бар қыздың қаладағы сауық орындарының бірінде жұмыс істегенін сайттың форумында пікір қалдырған қолданушылар да, шаһардағы сауналардың бірінде күзетші болған жігіт те растады.
Ондай қыздың бар екені рас. Қызық қуған нәпсіқұмар еркектердің барлығы дерлік сол қызды сатып алу үшін келетін. Бірақ қазір оның қайда екенінен хабарым жоқ, — деді есімін атамауды сұраған бұрынғы күзетші.
Адамның кеудесінде артық сүт безінің пайда болуы ғылымда полителия деген атаумен белгілі. Көп жағдайда үшінші емшек дамымай, омыраудағы шағын ғана ноқат күйінде қалады. Мамандар үшінші сүт безінің тек кеудеде ғана емес, арқада, қолтықта, іште және жамбаста да болатынын айтады.