Түсте аян беу ескерту ме...

Түсте аян беу ескерту ме...

Ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелерді басқа ұлт өкілдері өз тілдеріне аударып, мұсылман әлемінің тылсымымен ұдайы таныстырып отырған. Мәселен, 1902 жылы Н.Г.Маллицкийдің «Мұсылмандық түс жору» деген кітабы жарық көрді. Мұнда автор парсы тілінде шыққан мұсылман энциклопедиясының түс көріп, оны жоруға арналған бір тарауын орысша аударып ұсынғанын айтады. Он екі тарау тұтастай түс жоруға бағытталыпты.

 

Жаратқан Иеміздің адамға есту, көру, дәм, иіс сезу, түйсікпен қабылдау тәрізді қабілеттерімен қатар әсерлену, қиялдау, есте сақтау, елестету ерекшеліктерін де сыйлағаны хақ. Қимыл, әрекет үстінде кім-кімнің де күш-жігері нақтылы іске арналады, ал ұйқы барысында сыртқы сезінулеріміз тып-типыл тынышталады. Сол кезде түске әлденелердің ену себептерін ғұлама бабаларымыз қалай түсіндірген?

 

Бірінші себебі: ұйқы барысында қиял керемет шарықтайтын көрінеді. Қым-қуыт күйбіңнен мүлдем алыстап, ішкі қазына сандықтарының кілті кенеттен ашылады. Соның тікелей ықпалынан ап-анық бейне белгілер суреттеледі де ұйқыдағы небір таң­ғажайыптарды тудырады. Мұндай жайт басым көпшілікке тән екен. Ғалымдар бұған мән бере қарап, түсте көрген жайттар орындалады, әсіресе оны кемеңгер, ойшыл адам жорыса дейді.

 

Екінші себебі: адамның ағзасында түрлі өзгерістер ұшырасады. Соған орай рух та түрлі өзгеріс туғызады. Мысалы: егер ыстықтаса, түсінде от; егер тоңса, түсінде қар, аяз; егер адам ағзасына сыз өтсе, түсінде жауын, тасқын су немесе өзен; егер құрғақшылыққа душар болса, түсінде шаң, құм, тау, тас көріп, денедегі сәл-пәл осындай ауытқуларға қарай түрлі кұбылыстар туады. Мұндай жағдайда көрген түстерге пәлендей мән берілмеген. Ғалымдар да оны талдамаған.

 

Үшінші себебі: сыртқы сезінуіміз тұтастай тәуелсіз, азат хал кешкендіктен жанның Құдайы беріп, таңғажайыпқа бөленеді. Сол сәтте анық белгі түсіп, олардың іске асуы алдын ала сезіледі. Мұндай түстер айрықша бағаланған және ғалымдар оған шындық деп қараған. Жан дүниесі таза, пәк адамдар ғана аян берілер түс көреді деп саналған.

 

Тәуліктің қай сәтінде, таң алды, күндіз бе, көрген түстің орындалуы соған да байланысты деседі. Әсіресе таң алдындағы түс көрудің маңызы айрықша көрінеді. Көне заман ғалымдарының пікіріне жүгінсек, ай, күн сандарының да түс көріп, болжауда мәні бар екен. Мәселен, айдың 6, 7, 8, 9, 10, 15, 18, 19, 22, 27 сандарындағы түстер ақиқатқа жақын, болжаулары анық, ал айдың 13, 14, 20, 21, 25, 26, 28, 29, 30 сандарындағы түстер пәлендей мән құрамайды, болжаулары да дәл емес дейді. 4, 5, 11, 12, 16,17 сандарындағы түс екі ай немесе екі жылдан кейін орындалады-мыс. 2, 3, 23, 24 сандарындағы түстерге керісінше қарау керек дейтін пікір бар.

 

Түс жорушының ақылды, парасатты, әділ, адал болуына да ежелден көңіл бөлінген. Біреудің құпиясын екіншіге жеткізбеу, ұдайы Аллаға кұлшылық жасау, Алланың періштелеріне, кітаптарына, бүкіл пайғамбарларына сеніп, жалбарыну, дұға оқу арқылы тылсым тұңғиығына үңілудің түс жоруға да әсері тиген. Көрген түсін айтып жатқанда, түс жорушы «жақсылық – бізге, жамандық – біздің дұшпандарымызға» деген дұғаны тез-тез айтуы қажет көрінеді. Қорқынышты түс көрген кісі түсінен шошымас үшін «һүуәллаһүлләзи…» аятынан бастап соңына қарай һашір сүресін (Құранның 103-ші, «Кешқұрым» деп аталатын сүресі) оқиды және бір Фатиха, он бір рет Ықылас сүрелерін оқып, мұны Пайғамбарымыздың рухына арнайды. Сөйтіп, «Я, Раббым, егер осы бір көрген түсім жақсы түс болса, ұдайы осындай түс көрсете бер! Ал егер ол жаман түс болса, жақсылыққа айналдыра гөр! Жақсылығың бізге, қасіретің дұшпандарымызға болсын!» деп дұға оқылады.

 

«Мұсылмандық түс жору» еңбегінің екінші тарауы түсте Жаратқан Иесін, пайғамбар, періште, жын-шайтан, жәннат, жұмақ, тозақ… көрудің маңызына арналыпты. Алда-жалда түсінде Тәңірінің нұры шашылса, бақыт пен шат­тықтың кернегені, ырыс, берекенің келгені. Мұндай түс көрген жерлерге әділдік, байлық орнайды.

 

Алла тағалаға жалбарынып, дұға оқып жат­қанын түсінде көрсе, бұл адам абырой-атаққа бөленеді, патшалармен жақын болады.

 

Өзінің қандай да іс-әрекеттерін Жаратқан иесі тізіп санай бастаса, қуанышты хабар жетеді, алыс сапарда жүрсе, үйіне аман-есен оралады. Егер Тәңірінің қаһарланғанын көрсе, жалбарына құлшылық ету керек оған.

 

Түсінде пайғамбар көру – мәртебе, дәреже, жоғары орын. Діндар болу және жеңістік.

 

Мұхаммед Саллаллаһу ғалайһи уәссәламға алғаш рет шындық жолын нұсқаған сәтке назар аударайықшы:

 

«Ол өзінің көптен бергі дағдысы бойынша бұл күні де тау қойнауында тұрып, бүкіл әлем иесіне сыйынып жатыр еді. Өзінің күндегі тұрақты орны болатын. Көзі ілініп кеткен екен. Сәлден соң ұйқылы-ояу қалыптағыдай күй кешіп жатты. Қасына біреу келгендей болды. Бұл Алла атынан, Алла әмірін алып келіп тұрған төбе періштенің бірі Жәбірейіл ғалайһи уәссәлам еді. Пайғамбарлық пен елшілік міндетін тапсыру үшін келіп тұрған бойы осы еді. Ол адамзаттың құтқарушысы, Алланың сүйіктісі, хазреті Мұхаммед Саллаллаһу ғалайһи уәссәламға тақау келіп тұрды да, әлдебір жазулары бар жылтырауық орамды ашып, саусағымен нұсқап:

 

– Оқы! – деп бұйырды. Хазреті Мұхаммед (Саллаллаһу ғалайһи уәссәлам) әлгіндегі жауабын қайталады: «Мен оқи білмеймін ғой». Ал Жәбірейіл-Әмин дереу пайғамбарымызды мықтап ұстап алды да, мүбәрак кеудесінен үш мәрте сығып-сығып жіберді. Сонда пайғам­ба­рымызға мына қол иесі керемет бір күш иесіндей болып көрінді. Әлгі күш тағы да кеудесін сығып-сығып жіберді. Баяғы бала кезінде, сүтанасы Халиманың үйінде жүрген шағында көрген ғажайып оқиға есіне түскендей болды, жүрегіне жазылған жазулар елестеп етті. Бұл Құран Кәрімнің алғашқы уағыздары болатын.

 

 

Мағира Қожахметова,

жазушы, «Балбұлақ», «Дертке дауа» басылымдарының бас редакторы

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста