Адамдардың түсіне жиі қайтыс болған адамдар кіреді. Әдетте о дүниеге аттанған жандар қандай да бір ескерту жасайды екен. Sonnik.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға түс жору ұсынады.
Түсіңізде қайтыс болған жақын туысыңызды көру жақын арада қиындықтардан арылатыныңызды білдіреді. Егер туысыңыз сізге ашулы болса, онда шынайы өмірде күнә жасағаныңыз.
Егер қайтыс болған адамды түсіңізде тірі деп ойлап, оның жағдайы жақсы екенін көрсеңіз, оның о дүниеде жағдайлары жақсы екенін білдіреді.
Егер марқұм жаман әрекеттер жасап жатса, онда ол сізге шынайы өмірде жаман әдеттерден бойыңызды аулақ ұстау керек екенін ескертіп жатыр.
Түсіңізде қайтыс болған адамды сүйсеңіз, шынайы өмірде сіз күтпеген жерден байлық пен табысқа кенелетініңіз.
Қайтыс болған адам сізге таза, жақсы зат берсе, онда өңіңізде сізді қуанышты хабар мен жақсылық күтіп тұр.
Ал ұсынылған зат лас болса, онда қиындықтар болатыны жайында ескертеді.
Түсіңізде марқұммен бір төсекте ұйықтағаныңыз ұзақ өмір сүретініңізді білдіреді.