Шынында да қаншама ғылыми болжамдар мен дәлелдер айтылғанына қарамастан, түс әлі күнге жұмбақ құбылыс болып келеді. Түске өте үлкен ман беретін халықтың бірі — қазақ.
Қағаз ақша — ырыс, табыс
Тиын ақша — жағымсыз сөз, өсек
Жас бала көтеріп жұру — тұрмыстағы тауқымет, жоқшылық
Лай суда жүзу — қарыздану, қысылу
Мөлдір суда жұзу — қиыншылықтан құтыласың, күтпеген көмек
Ұсақ жәндіктер қаптау — табыс, ырыс, байлық
Жұмыртқа — кіріс (аздаған пайда)
Қара жылтыр көйлек кисең — үлкен олжа, бір жарысқа түскелі тұрсаң жеңіп шығасың
Аяғы ауыр әйел қара киім кисе — өлі бала
Аяғы ауыр әйелдің шашы өсіп кетсе, айнаға қараса, гүлді көйлек кисе — қыз бала
Сары киім — ауру
Алқа, жүзік, білезік, сырға — қыз балаға көрінеді
Есіктің алдына капуста, помидор т .б . көкөніс салып жатса — қыз тұрмысқа шығады
Аяқ киім — ер үшін де, әйел үшін де жұбайына жорылады
Қыз жаңа аяқ киім кисе — тұрмысқа шығады
Әйел түсінде жалаңаш жүрсе — аяғы ауырлайды
Қыз жалаңаш жүрсе — абыройсыздыққа, ұятқа ұшырайды
Егер саған тырдай жалаңаш адам қарап тұрса — сапарға шықпа, сәтсіз болады
Түсіңде жас әйел көрсең — сәтсіздік, отбасындағы ұрыс-керіс
Түсіңде қарт адам көрсең — жақсылық
Түлкі, сары тазы ит — ажал, ауру
Күнбатысқа жол шегу — жамандықтың белгісі
Аң терісінен істелген бас киім кию — аурудың белгісі
Ай құласа, су тартылса, төбе құласа, әйел адам шашын қырықса, ат
Ертоқымсыз жүрсе — жаман белгі .
пышақ, қанжар, қамшы — ұл балаға жорылады
Түсіңде өзің ұшып жүрсең (сәмөлетпен емес) — қоныс аудару
Түйеге мыну — абырой-атақ, бедел көтерілу
Столда отыру — жаңа қызмет
шам жанған столда отыру — ғылыми қызмет .
Өлген адамдар кірсе, олармен бірге жүрсең — қорқыныш емес, жақсылық .
зиратқа барсаң, тыпты ішіне түсіп жатсаң да — ол жақсылық, жолың болады .
Өлген адам бір нәрсе берсе — жақсылық
Бір нәрсе алып кетсе — жамандық (ондайда малға не дүние шығынына жоры)
Өлген адам үйіңнен бас жеп отырса — үй иесіне, беті-қол сүртетін орамал әкетсе — бауырыңа, тысың түссе — нағашыңа жорылады
Өлген туысың «тоңдым» десе — зиратын қара (құлаған жоқ па), «қарным ашты» десе — құран оқыңыз
Өлген туысыңыз әдемі киініп келсе, жүзіңізге тура қарап, анық көрсеңіз — сізге жақсылық болады
Егер нашар киініп, тура қарамай, күмілжіп сөйлесе — сізге келер жамандықтан хабар бергені
Өлген адам қара, қызыл, күлгін ұзын киім киіп жүрсе (өлгеннен кейін 20-30 жыл бойы солай кіруі мүмкін) — қиналғаны
Ақ кисе — иманды, артына риза
Жеңі шолақ киім киіп, шашын қысқа қиып кірсе — жатқан орнына не зиратына риза емес
Сары алтын, сары май — уайым
Кір сабын — орындалмайтын арман
Алыстағы туысыңыз дөн асып кетсе — ешуақытта көре алмайсыз
Терезеден көрінген жарық сөнсе — үзілген үміт
Кірлеген киім, төсек-орын — жәйсыздық, ұялу
Ит жеті қазынаның бірі, адамның досы болса да, түсіңе кірсе — дұшпан
Жылан — әйел дұшпан
Сары ала жылан не кобра — бастық әйел
Қасқыр — қырсық
Қой — ауырлық (прөблемә), кедейшілік
Піскен тағамның барлық түрі — ырыс, береке
Аю — сәтсіздік, қатты қиналасың
Маймыл — опасыздық, көре алмайтын дос
Биіктен құлағалы тұру — ауру, оператсиияға көрінеді
Жаңа киім — жаңа қызмет, әбірөй
Бас киімнің ішінде шлияпа — үлкен қызмет
Қызыл киім — өсек-аяңға ұшырайсың
Ақ арақ — олжа, табыс көзі
Түсіңде кіммен ұрсысып жатсаң — сол адам сен туралы өсек айтып жұр
Айран, сұт, қымыз, уыз, құрт — байлық, мансап
Қасық — ырыздық, берекесіздік.
Қаламсап — талант, дарын
Әдемі киініп жүрсең, айнаға қарасаң, шашыңды сәндеп тұрсаң — сәттілік, күтпеген қуаныш
Шеге суыру — қоныс аудару
Шеге қағу — жаңа мекен немесе үй салу
Құм кешіп жұру — отбасындағы үлкен қайғы
Үлкен мемлекет басшысын көрсеңіз — өзіңіз ойлағаннан да артық ақша келеді
Егер жас адамдар өзі ұнатқан адамын түсінде жиы көрсе, құшақтасып жүрсе де ешуақытта қосылмайды
Шошқаның піскен басы — ірі табыс (ақша)
Жылан алақаныңды шақса — әйел бастыққа ірі ақша төлейсің.
Дереккөз: Reactor