Тірідей жерленген жігіт көрден өздігінен шыққан

Тірідей жерленген жігіт көрден өздігінен шыққан

Тірідей жерленген Боливияның 30 жастағы тұрғыны Виктор Альварес табытта жатқан жерінен оянып кетіп, ол жерден өздігінен шыға алған. Ер адам болған жайтты полицейлерге айтқанда, олар оның басынан өткен оқиғаға сенбеген - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ер адам болған жайтты полицейлерге айтқанда, олар оның басынан өткен оқиғаға сенбеген, деп мәлімдейді Mirror басылымы.

 

Басылымның жазуынша, Виктор Альварес 6 тамызда Эль-Альто қаласында өткен "Жер-Ана" фестивалінде болған, ол мереке кезінде қатты мас болғанын айтқан.

 

Ер адам өзінің билеп жүрген сәтін ғана есіне түсіре алған. Содан кейін фестиваль өткен жерден 80 шақырым жерде табытта оянған.

 

"Есімде қалғаны - төсегімде жатырмын деп ойладым, тұрғым келді, бірақ қозғала алмадым, табытты итеріп кеп жібергенде, оның шынысы ұшып түсті, сөйтіп, сыртқа шықтым", - дейді Альварес.

 

Оның сөзінше, мас күйде болғандықтан есінен танған, сол арада фестиваль қатысушылары оны "сулла" ретінде құрбандыққа шалған болуы мүмкін.

 

"Олар мені "сулла" ретінде пайдаланғысы келді", - дейді боливиялық.

 

Шетелдік басылым "сулла" термині жер-анаға жасалған құрбандық дегенді білдіреді деп түсіндірген.

 

Жергілікті тұрғындар құрбандыққа көбінесе кока жапырақтары немесе тәттілерді пайдаланады. Бірақ боливиялықтар ежелгі дәстүрдің қазір де құпия түрде орындалатынын айтады.

 

Альварес оқиға туралы полицияға хабарлаған, бірақ тәртіп сақшылары мас күйде екенін ескеріп, оған сенбеген.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста