Суретшіні мерт қылған айнадағы сарбаз

  • 21
Суретшіні мерт қылған айнадағы сарбаз

Қалада ең атақты суретшінің басын кесіп кетті. Есік терезесі тас жабылған. Сыртқа шыққан із жоқ. Тек жалғыз із шарайнаның бетінде қанмен жазылған жазу.

 

Ол сызған суреттеріне жан салатын. Тек суретшілер колледжіне алғаш түскен кезде ұстазы сыйлаған қылқаламмен салғанда ғана. Ол жас еді. Жастықпен әр нәрсеге құмар болатын. Бірақ, көшеде кезіккен сұлуларға сұқтанып жатпайтын. Өң-әлпетін бір көрсе болғаны, үйіне қайтып келіп соның суретін сала бастайтын. Салып болып қабырғаға сүйеулі тұрған шар айнаның алдына қойса болғаны, айнадан сол сұлу шығар еді. Әрі оның құзырында болатын.

 

Арғымақ ат салып, кешкісін тау баурайына баратын. Шерінен шыққан соң қылқаламын арнайы даярлап қойған жылқының құмалағына араластырса болғаны, бәрі ғайып болатын. Өз-өзімен шат-шадыман болып жүрген суретші ел назарынан тыс еді.

 

Бірде суретші көне мұрағатты аралап жүріп, мыс табақтың бетіне салынған ертедегі бір ханшаның суретін көрді. Шашына сан мың жақұт моншақ тағынған ханша қолына әлде нені алып, соны ерніне тигізіп тұр. Жігіт байқатпай табақты қойнына салды да, асығыс үйіне оралды. Осы заманнан он бес ғасыр бұрынғы ханшаның қызығына батқысы келді.

 

Сурет үстеліне отырды да, жайлап сала бастады. Салып болып, қайта қарады. Қыз қолындағы не? Бәлкім айна шығар деп ойлады да, шарайнаның алдына әкеп қойды. Айнадан шәлі жібекке оранған ханша өзіне қарай тәкаппар басып шығып келе жатты. Ханшаның айдай жамалы оны есінен тандыра жаздады. Ерекше бір құштарлықпен ханшаның қолынан бас салды. Оқыс қимылдан шошып қалған ханшаның қолындағы зат тарс етіп шарайнаның алдына түсті. Ханша бөлмені айнала қашты. Ұзын бұрымы суретшінің қолына енді ілінгенде шарайнадан арыстандай ақырып сақтың қияқ мұртты сарбазы шығып, беліндегі қанжарын жұлып алды да, суретшінің басын шауып тастады. Ханшамен жылап көрісті. Мүрдені шар айнаның алдына әкелген сарбаз қолқа тамырдан атқақтап жатқан қанға бармағын малып: «Өнеріңе рахмет! Біз бостандыққа келдік!» – деп жазды.

 

 

 

Қойшыбек МҮБАРАК

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 232
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 281
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста