Соңымнан ерген аруақ

Әкемнің де, шешемнің де бойында арғы аталарынан келе жатқан қасиет болатын. Анам емшілік жасайтын, ал әкем үнемі болмаса да ара-арасында адамдарға ем-дом жасап тұратын. Анам «әрбір адамды ата-бабалар әруағы қорғап жүреді, бірақ оны біреулер сезсе, енді біреулер сезбейді» дейтін. Бірақ біз ол сөздерге аса мән бере қоймайтынбыз.

Неге екенін қайдам әке шешеміз «түнде әжетханаға бармаңдар» деп ескертетін. Сондықтан кеш қараңғысы түскен соң дәретке шыққанда әжетханаға бармай, үйден біршама ұзап жазыққа барып қайтатынбыз. Түнде бірдеңеден қорқып қалар десе керек, үнемі кішкентайларға үлкендерді қосып жіберетін. 13-14 жасқа келгенде өзімді үлкен сезініп, кейде бойдағы қорқынышты жеңіп түнде дәретке жалғыз баратынмын. Бір күні тағы жалғыз шықтым. Үйден ұзай бастағанда соңымнан біреу еріп келе жатқандай сезіндім. Тоқтап, артыма қарасам, ешкім жоқ. «Қорыққанға қос көрінеді» демекші, қорыққан соң солай сезілген болар деп ойладым. Тағы кішкене алға қарай жүрдім. Анық сездім, соңымнан біреу еріп келеді. Барған шаруа жайына қалды. Үйге қарай қаша жөнелдім. Үйге келіп, аптығымды басқан соң өзімнен төрт жас үлкен ағамды ертіп қайта шықтық. Неден қорыққанымды ағама айтқанымда ол түнде өзінің де соңынан бір әйел кісінің еріп жүретінін және одан қорықпау керектігін айтты. (Сол кезде мен «ағам мені қорықпасын» деп айта салған шығар деп ойлағам). Содан кейін көпке дейін түнде далаға жалғыз шықпайтын болдым.

10 сынып оқып жүргенде ауылдан екі-үш шақырым жердегі бөлімшеде тұратын сыныптас баланың үйіне бардым. Үйге қайтпақ боғанда мотоциклім оталмай қойды. Свечасын отқа күйдірдік, әрі бері итердік, оталмайды. Бір сағат әуре болдық. Сойтіп жүргенде кеш қараңы болды. Ақыры болмаған соң, мотоциклді сол үйге қалдырып, ауылға жаяу қайттым. Бөлімшеден біраз ұзап шыққаннан соң бойымды үрей билей бастады. Өйткені бір кісінің желкелеп қалмай келе жатқанын сездім. Көз қиығын салсам сұлбасы байқалады. Не істерге білмей, біраз жерге дейін жүгірдім. Ондағы, жүгірсем қалып кете ме деген ой. Шаршаған соң аяңға салдым. Бірақ соңымнан ерген кісі қалар емес. Солай қорқынышпен арпалысып, бір жүгіріп, бір аяңдап келе жатып, үйге қалай жеткенімді де білмей қалыппын. Қорғанның сырт есігін ашқанымда соңымнан ерген кісінің біршама артта қалғанын байқадым. Одан кейін ондай жағдайға тап болған емеспін. Өйткені, мүлде, түнде жалғыз жүрмейтін болдым.

Ал ағамның соңынан еріп жүретін әйел кісі қазір де бар. Ол әйелді бірде мен де көргем (әлде менің көзіме солай көрінді ме). Ол кезде институтты бітіріп, ауылға келіп жұмыс істеп жүргем. Өзімнен төрт жас үлкен ағам соңғы жылдары араққа әуес бола бастаған еді. Үйге жиі мас болып келеді. Үнемі үйге келген соң «жаңағы мені ертіп келген әйел қайда?» деп сұрайтын. Алғашында, біз оны мас болған соң айтып отыр деп ойлайтынбыз. Бір күні ағам кешікті. Жеңгем алаңдай берген соң мас болып бір жерде құлап қалды ма, көріп қайтайын деп көшеге шықтым. Қорғаннан шыға бергенімде сырт жақта ағамның біреумен сөйлесіп жатқан даусы естілді. «Қайта бер енді үйге өзім барам» дейді ағам. Бірақ екінші адамның дауысы есітілмейді. Дауыс шаққан жаққа қарай жүрдім. Ағамның қасында бастан-аяқ ақ киінген бір әйел тұр. Ойымда ештеңе жоқ. Қастарына жақын бардым. Мен жақындаған сайын әлгі әйел мұнарға айналып, бір уақытта жоқ болып кетті. Денем дірілдеп, арқамнан суық тер шықты. Ағамның үнемі «мені үйге бір әйел ертіп келді» дейтін сөзінің жай емес екенін сонда барып ұқтым. Қасына барғанымда ағам меннен «жаңағы мені ертіп келген әйел қайда?» деп сұрады. Оған жауап қатқам жоқ. Ағамды қолтықтап үйге алып келдім. Ертеңінде ағамнан түнде болған жайды сұрасам, «ештеңе есімде жоқ, тек бір әйел кісінің үйге ертіп келгенін ғана білемін» дейді.

Кейіннен ағам ес білмей арақ ішетінді шығарды. Ертеңінде сұрасаң, кеше не болғанын білмейді. Бір ғана есінде қалатыны ақ киімді әйелдің үйге дейін ертіп келгені. Мұндай жағдай сан рет қайталанды. Мас болып, көшеде құлап жататындарды талай көреміз. Ал, ағам, қанша есін білмей мас болса да, далада қалып көрген емес. Өйткені бір әйел кісі оны көшеде қалдырмай үйге ертіп әкеліп тастайды. Кейінгі жылдары ағам кешігіп жатса да жеңгем алаңдамай отыра береді. Ойын- шыны аралас «қазір оны апасы ертіп келеді» деп күледі де қояды.

Ағам болса ол әйелден алғашқы кездері қорыққанын, бірақ кейін бірте-бірте бойы үйреніп, онымен тілдесетін болғанын айтады. Бірақ ол әйел еш тіл қатпайтын көрінеді. Алайда мас болып құлап қалса кәдімгі адамша орнанан көтеріп тұрғызып, үйге дейін қолтықтап алып келеді екен.

Бұл жайға қандай түсінік беруді білмеймін. Бәлкім анамның «әр адамды ата-бабалар әруаға қорғап жүреді» дегені осы ма екен деп ойлаймын.

alashainasy.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста