Шайтанның ісі...

Сайттарыңыздың «Мистика» айдарын үзбей оқып отырамын. Мен де ертеде болған бір оқиғаны жолдауды ұйғардым. Егер қажет деп тапсаңыздар қатесін түзетіп, редакциялап, жарияларсыздар.

 

Сол кезде үлкендер жағы «бұл шайтанның ісі» дейтін. Мен бұл жайында нақты ештеңе дей алмаймын. Бірақ қандай да бір тылсым күштің әсері болғаны анық сияқты. Бәлкім, ол аңның киесі ме екен, кім білген? Басынан бастайын...

 

Бала кезімде ауылда Өлмес деген аңшы болатын. Ешқаqда жұмыс істемейтін. Отбасын аңшылықпен асырайтын. Қай кезде, қай жерде, қандай аңды атып алуға, ауға түсіруге болатынын өте жақсы білетін. Шамасы мергендігі де болса керек?! Өйткені аңға барса, құр қайтпайтын. Үйіне жүгірген аңның да, ұшқан құстың да неше түрін атып әкелетін. Түлкі, құндыз және басқа да терісі бағалы аңдарды көптеп аулап, саудалайтын. Бірақ тапқан ақшаға әртүрлі мылтық, оқ-дәрі, ауға қажет құралдар сатып алатын. «Неге мал өсірмейсің?» дегендерге, «менің малым тау-тоғайда жүр. Оларды бағып-күтудің де қажеті жоқ. Қажет кезде барып атып әкелем» деп күлетін көрінеді.

 

Өлмес бір күні әдеттегідей, аңға кетіп, қайта оралмайды. Әйелі «келіп қалар» деп, ертеңіне түске дейін күтеді. Бірақ Өлместен хабар болмайды. Секем алған әйелі көрші үйлердегі ер азаматтарға айтады. Өйткені, Өлместің ол ауылда жақын туысы жоқ еді. «Өлмес жоғалыпты» деген сөз ауылға тез-ақ тарады. Бас көтерер ер азаматтар жиналып, бірнеше топқа бөлініп, ауыл маңындағы Өлмес аңшылық жасайтын жерлерді түгелдей аралап шығады. Бірақ Өлместі таба алмайды. Кеш болған соң іздеуді ертеңге қалдырады.

 

Ертеңінде Өлместі іздеуге жиналғандар бірнеше топқа бөлініп, таудың ішін аралайды. Түс ауа іздеушілердің бір тобы тау ішінде бір үңгірдің қасында тұсаулы тұрған атты көреді. Бірден таниды, ол Өлместің аты. Үңгірге жақын барып қарайды. Үңгір іші тас қараңғы екен. Іздеушілер не істеуге білмей тосылып тұрғанда, үңгір ішінен адамның ыңыранған дауысы есітіледі. Бәрі тыныштық сақтап, тың тыңдайды. Адамның ыңыранған дауысы анық есітіледі. «Бұл Өлмес болар» деп топшылаған іздеушілер ағашқа шүберек байлап жағып, үңгірге кіреді. Отыз метрдей жүргенде есін білмей жатқан Өлместі көреді. Өлместі үңгірден алып шығады. Үңгірден алып шыққан соң арада біраз уақыт өткенде Өлмес есін жияды. Бір қызығы Өлместің денесіннен ешбір жарақат нышаны байқалмайды. Өлместі үйіне алып келген соң не болғанын сұрайды. Бірақ ол ештеңені есіне түсіре алмайды. Сол күні кешке молдаға оқытып, бақсыға емдетеді. Түнде Өлмес түс көреді. Сол түс арқылы не болғаны есіне түседі. Ертеңіне үйіне барған достарына болған жайды баяндап береді.

 

Сол күні де Өлмес үш-төрт құсты атып алып үйіне қайтпақ болады. Кенет анадайдан бір түлкі көрінеді. «Мынау бір Алла жіберген олжа болды-ау» деп, дереу мылтығын алады. Бірақ, бір таңқаларлығы адамды көре сала қаша жөнелетін түлкі бұл жолы орнынан қозғалмай тұра береді. Көздеп басып қалады. Түлкі құлайды. Орнынан тұра сала түлкіге қарай жүгіреді. Бар ой – терісі бүлінбесе екен. Өлмес дәл қасына жетіп қалғанда түлкі орнынан тұрып, бір аяғын ақсаңдатып қаша жөнеледі. Жаяу жете алмасын білген Өлмес, қайта келіп атына мініп, түлкінің соңынан қуады. Енді жеттім бе дегенде, түлкі бұлаңға салып, бағытын өзгерте қашып жеткізбей қояды. Бір кезде түлкі тауды өрлей қашады. Міне жетіп қалдым дегенде түлкі бір үңгірге кіріп кетеді.

 

Атын тұсай сала, Өлмес те түлкінің соңынан үңгірге кіреді. Үңгірге кірсе, түлкі анадай жерде жатады. Үңгір ішіне жарық түсіп тұр екен. Жарықтың қайдан түсіп тұрғанына да аса мән бермейді. Бар ойы түлкіде. Жақындай бергенде түлкі әрең орнынан қозғалып, шолтаңдап қаша бастайды. «Шаршаған екен, енді қашып құтыла алмайды» деп ойлаған Өлмес, түлкінің соңынан қалмай ереді. Үңгір ішінде ойқыш-ұйқыш жатқан тастар тез жүруге мүмкіндік бермейді. Солай қанша жүргенін білмейді. «Міне жеттім-ау» дегенде түлкі қайта алыстап, жеткізбейді. Бір кезде үңгір іші қап-қараңғы болып кетеді. Сәлден соң қайта жарық түседі. Түлкі жоқ. Сарай ішінде тұрған сияқты. Бойын үрей билейді. Үңгірден шықпақ болады. Бірақ есік көрінбейді. Айналасына түгел көз жүгіртеді. Есік жоқ. Дәл қарсы алдында тастан қашалып жасалған хан тағы.

 

Не болғанын ұқпай, бойын қорқыныш билеп тұрғанда, жыланның ысылдаған дауысы шығады. Бір мезетте дауыс жан жақтан шығып, күшее түседі. Ысылдап, уілдеп-гуілдеген дауыстан тұла бойы шымырлап кетеді. Бір кезде қара түнек төбесінен шүйлігеді. Сол кезде Өлмес қорыққаннан есінен танып құлайды. Есін жиса, қарсы алдында, басын көтеріп, Өлместің көзіне тесіле қарап үлкен жылан тұр екен. Бір кезде Өлместің құлағына «маған үйленіп, бұдан былай осы сарайда өмір сүресің» деген дауыс есітіледі. Өлместің зәре-құты кетіп, «менің әйелім, бала-шағам бар» дегенге әрең тілі келеді. Қашайын десе, жылан мұның әрбір қозғалысын бақылап тұр. Қозғалса, шағары анық. Солай арбасып тұрғанда жылан ақырын жылжып келіп, Өлместі орай бастайды. Өлмес жан ұшыра шыңғырады. Бағанағы дауысқа жалынып, босатуды сұрайды. Бірақ ешқандай жауап болмайды. Жылан одан сайын қысып, буындыра түседі. Әлден уақытта дем жетпей, Өлмес есінен танып қалады. Есін жиғанда үңгір сыртында, бір топ ауылдастарының ортасында отырады.

 

Сол жағдайдан кейін де Өлмес үйінде көп отырған жоқ. Қайтадан баяғы аңшылығына басты. Арада екі-үш жыл өткенде, Өлмес қатты науқастанды. Жақын араласатын құрдастарының сөзіне қарағанда, тоғайда аң аулап жүріп ол баяғы жыланға тағы кез болған. Жылан атын да шағып өлтіріпті. Атып алған аңын, мылтығын тастап ауылға дейін жаяу қашып келген. Бірақ бұл сөздердің шын немесе өтірік екенін білу мүмкін болмады. Бір күннен кейін Өлмес мүлдем тілден қалған. Науқасы күшейіп, есінен де адасты. Көп ұзамай қайтыс болды.

 

Өлместің оқиғасынан кейін үңгірді ешкім маңайламайтын болды. Бір қызығы бұрын да ол үңгірдің барын ешкім білмеген. Арада бірнеше жыл өткенде, 5-6 жігіт бас қосып, арнайы сол үңгірді іздеп бардық. Бірақ үңгірдің тереңдігі 4-5 метр ғана екен. Ол маңнан басқа үңгір кезіктірмедік. Сонда ауылдастарының Өлместі 30 метр тереңнен тауып алғанын қалай түсінуге болады? Өлместі тауып алған ауылдастары үңгірдің қараңғы екенін айтқан. Ал Өлместің айтуынша үңгір іші жарық болған. Мұның сыры неде? Шынымен де бұл шайтанның ісі ме? Жоқ әлде Өлмес аңның киесіне ұшыраған ба? Өлместің қатты науқастанып, көп ұзамай қайтыс болуы да осы жағдаймен байланысты болған ба? Бұл сұрақтарға нақты жауап табу мүмкін емес. Бірақ Өлместің қандай да бір тылсым күшке кез болғаны рас-ау.

 

 

 

Анарбай Қанжігітов

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста