Шайтан қызының шырмауына түскен Ораз

Бұл оқиға 60-70 жылдарда болған. Сол кездері біздің ауылда Ораз деген кісі тұрған екен. Кіндіктес туысы жоқ жалғыз жігіт болған деседі. Ол кісі кенже ұлы бір жасқа келгенде өмірден озған көрінеді. Сол кісінің соңында үш баласы қалған болатын. Үлкені меннен 4-5 жас үлкен, ортаншысы екі жас үлкен, ал кішісі менен бір жас кіші еді. Ораз қиялилау кісі болыпты. Оның өзіндік себебі бар екен. Үлкендердің айтуына қарағанда, Ораз жігіт шағында көрші қыстақтың маңында шайтанның қызына кез болған. Алғашында көрші қыстақта тұратын шопанның қызы болар деп ойлаған. Сондықтан сол қызбен көңіл қосып, үйленуге сөз байласқан екен. Кейінен ғашық болған сұлудың шайтанның қызы екенін білген соң сөзінен тайып, үйленуден бас тартқан. Ораздың сол әрекетіне ыза болған шайтанның қызы «тұқымыңды құртамын» деп серт еткен көрінеді.

Шайтан қыздың шырмауынан құтылған Ораз, кейіннен көрші ауылдың бір қызына үйленеді. Алғашқы ұлы есі толық болмай туады. Екінші ұлының да есі аумалы-төкпелі болатын. Тек кенже ұлының ғана есі дұрыс еді. 7-8 сыныпта оқып жүргенде ол ұлы да қияли бола бастады. Өздігінен сөйлеп, өз-өзінен күліп, айғайлап ән салып жүретінді шығарды. Ол кісінің әйелінің де мінезі біртүрлі болатын. Үйінің алдына ойнап бара қалсақ, қолына түскен нәрсемен ұрып, қуатын. Сондықтан ол үйге бала біткен маңайламайтын. Неге екенін ол үйге үлкендер жағы да бара бермейтін. Ораздың әйелі ешкіммен араласпайтын тұйық кісі еді.

Үлкендердің айтуынша, Ораз түсініксіз жағдайда қайтыс болған көрінеді. Бір апта жоғалып кетіп, өздігінен қайта оралған Ораз арада екі күн өткенде ауырмай-сырқамай дүниеден озған. Түнде ұйықтағанан қайта оянбаған. Қайда болғаны жайлы ешкімге жақ ашпай кетіпті. Сол кезде, ауылда «Ораз шайтанның қызымен қайта жолығыпты» деген гу-гу әңгіме де тараған екен. Бірақ ол сыбысты растайтын да, жоққа шығаратын да ешбір дәлел болмапты. Ораз қайтыс болған соң ол шаңырақтың қорасына мал да тұрақтамаған көрінеді. Мен ес білгенде ол үйде оншақты ұсақ мал, бір бұзаулы сиыр мен бір есек ғана болатын.

Ораздың үлкен ұлы 18 жасында көрші ауылда тұратын, бір аяғын сылтып басатын, тілінің мүкісі бар жарымжан бір қызға үйленді. Мүгедек болғанмен есі дұрыс еді. Той дейтіндей той да жасаған жоқ. 5-6 көршіге тамақ асқан. Бірақ олар бірге ұзақ тұрмады. Екі айдан кейін қыз кетіп қалды. Кейін естідік, төсекке жатысымен Ораздың ұлы қызды шымшылап тастайды екен. Көргендердің айтуына қарағанда, қыздың денесінің көгермеген тұсы жоқ көрінеді. Кейіннен Ораздың ұлы тағы үйленді. Бірақ ол қызбен де көп отаспады. Білетіндердің айтуынша, ол қызға да сол әдетін жасаған. Ол қызбен де ажырасқан соң Ораздың үлкен ұлы кенеттен қайтыс болды. Ауырмаған. Не жағдай болғанын ешкім білмейді.

Үлкен ұлының жылын беріп жатқанда Ораздың ортаншы ұлы асылып қайтыс болды. Сол қайғылы жағдайдан кейін Ораздың әйелі көтеріліп ауырды. Ол үйге тіпті көршілер де бас сұғуын қойды. Ол шаңырақта не болып жатқанын ешкім нақты білмейтін. Іргелес көршісінің айтуынша, ай толысқан кезде Ораздың үйінен, қасқырдың ұлығанына ұқсас, неше түрлі түсініксіз дауыстар шығатын көрінеді. Сондықтан түн мезгілінде ол үйдің маңынан ешкім жүрмейтін. Біз мектеп бітірген жылы Ораздың әйелі де қайтыс болды. Қара шаңырақта Ораздың кіші баласы Есет жалғыз қалды.

Есет 8 сыныптан кейін мектепті қойып, жұмыс істеп жүрген. Есеттің есі аумалы-төкпелі екеніне қарамай, Ораздың көзін көрген қатарластары қолдап, жұмысқа алған. Бір күні ауылда «Есет үйленіпті» деген сөз шықты. Алғашында, Есеттің сандырағы болар деп ойладық. Өйткені, қыз біткен оны маңына жолатпайтын. Сондықтан ол сөзді естігенде біз сене қоймадық. Дегенмен, ол сөз рас болып шықты. Көршілерінің айтуынша, ол қыз Есетті өзі іздеп келіпті. Бірақ, қыз ешкіммен тілдеспейтін көрінеді. Үйден де шыға бермейді екен. Балалық қызығушылық болса керек 4-5 балаң жігіт жиналып, Есеттің келіншегін көру үшін екі күн сол үйді торыдық. Екінші күні түс мезгілінде бір қыз есік алдына шықты да, лезде қайта үйге кіріп кетті. Сөйтіп Есеттің үйленгеніне өзіміз көз жеткіздік.

Алайда ол қыз Есетпен ұзық отаспады. Екі айдай уақыт өткенде, «Есеттің келіншегі кетіп қалыпты» деген сөз шықты. Қыз қалайша ғайыптан пайда болса, солай бір түнде жоқ болған. Келіншектің кеш қараңғы түскенде түйіншегін ұстап, кетіп бара жатқанын көршілердің бірі көріпті. Келіншегі кетіп қалған соң Есет мүлдем есінен адасты. Есекке теріс мініп, ауылды аралайтын әдет шығарды. Үлкендердің ескерткеніне де құлақ аспады. Жұмысын да қойды. Тамақты әр үйден бір ішіп күнелтетін. Таңертеңнен есекке теріс отырып алып, кешке дейін ауыл аралайтын.

Күндердің күнінде Есет көрінбей қалды. Бірақ Есет жоғалыпты деп алаңдаған адам болмады. Көпшілік, «көрші ауылдарды аралап жүрген болар, келіп қалар» десті де қойды. Бес күннен кейін «Есет қайтыс болыпты» деген хабар тарады. Оның жансыз денесін қой бағып жүрген шопан баяғыда Ораз шайтанның қызына кез болған жерден тауып алыпты. Ауыл адамдары жиналып, Есетті жерледі. Үш күннен кейін Ораздың қара шаңырағы өртке оранып, түгі қалмай жанып кетті. Біреулер оны ауылдың тентек балаларынан көрсе, енді бірі «бұл шайтанның ісі» десті. Бір анығы, Ораздан ұрпақ қалмады. Ал бұл расымен де шайтанның ісі ме? Кім білген...

Асқар Ермұратов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста