Сәбиін құтқарып қалған ана әруағы
Асқар мен Анар студенттік кезінен бастап бір-біріне әркез көмектесіп, қолдап жүретін. Әр күндері қуаныш пен махаббатқа толып өтіп жатқан жастардың студенттік өмірі бітіп, үлкен өмірге бірге қадам басты.
Үлкендердің батасын алып, шаңырақ көтерді. Бастапқы да, жалдамалы пәтерді мекен етіп тұра бастады. Әр күні достарын қонаққа шақырып, үйде ойын-сауық жасады. Бірақ, үлкен адамдардың өмірі қиын болатындай, бұларға да қатал өмір өз сынағын дайындап тұрған еді.
Екеуі де өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Күнделікті жұмыс жалғаса берді. Асқардың анасы осылармен бірге тұру үшін ауылдан көшіп келіп, бұларды бірге тұрды.
Бастапқыда бәрі жақсы болғанымен, уақыт өте анасы Анардың әр ісінен кемшілік тауып, отырса опақ, тұрса сопақ күйге түсірді. «Асқардың анасы, жақсы адам» деп үндемей жүргенімен, соңында Анардың сабыры таусылып, енесіне сөз қайтаратынды шығарды.
Оның үстіне бала көтере алмай жүргені тағы бар. Ал енесі осыны Анардың бетіне баса береді. Онсызда жаны қиналып жүрген Анарға бұл өте ауыр соққы болды.
Асқар мен Анар балалы болуды қатты қалады. Отбасы құрғандарына жеті жыл өтсе де бұлар балалы бола алмай жүр. Қаншама мықты дәрігерлерге қаралды, бармаған емші-тәуібі қалмады. Балалы болу үшін барлығын жасады, бірақ Алланың сынағы екен, бала сүю бұлар үшін ең үлкен арман болып, жүректерін қалды.
Асқардың анасы екінші әйел алуды айтқан кезде Анардың жүрегі тоқтап қалардай күй кешетін. Бір жағынан күйеуінін балалы болғанын да қатты қалайды. Өзі қатты қиналса да бұл ұсынысқа рұқсат берді.
Сол түні Анар мүлдем ұйықтаған жоқ. Жылай-жылай көзі ісіп кеткен, жүзі қуарып, бұл үйден кетуге шешім қабылдады. Бірақ Анарсыз өмірді елестете алмайтын Асқар және «Қандай жағдай болмасын ажыраспаймыз» деген серттері кетуіне рұқсат бермеді.
Арадан біршама уақыт өткен соң Алла бұлардың тілеуін қабыл көріп, Анар жүкті болды. Қуанышты хабарды естіген бойда әлем ерекше түске боялғандай күй кешті.
Бұл күнді олар бақандай 7 жыл күтті. Көптен күткен, нақтырақ бақытқа толы 9 ай көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Сол күні әдеттегідей Асқар жұмыс үстелінде жазу жазып жатты, ал Анар кішкентайға арнап киіп тоқып отырды. Бір сәтте іші қатты ауырып, жедел жәрдемді шақырып, ауруханаға барды. Көңілде қорқыныш пен қуаныш қатар қатар тұрды. Дәлізде қуанышты хабарды тағатсыздана күтіп жүрген Асқарға уақыт тоқтап қалғандай, сабырсыз арлы-берлі жүріп жатты.
Бір сәтте іштен дәрігер шықты. Неге екені белгісіз, Асқардың жүрегі бір жамандықты сезгендей, мазасыз еді. «Біз тек баланы ғана аман алып қалдық» деген сөзі Асқарды есінен таңдырды. Сол жерде «Анарым, Анар» деген сөзден басқаға тіл келмей, құлады.
Анар баланын аман-есен дүниеге келуі үшін өз өмірін қиған еді. Анардың денсаулығы бала туатын кезде күрт нашарлап, дәрігерлер екеуінін біреуін аман алып қала аламыз деген соң, Анар тек баласынын аман қалғанын қалаған екен.
Асқардың жүрегі Анардың өлімінен соң жиі ауыратын болды. Ал дүниеге келген кішкентай Аманат күн санап өсіп жатты. Асқар тек Аманатқа қарап жүрек жарасынын емін табатын.
Бір күні Асқар әдеттегідей жұмысқа кетті. Ал үйде анасы Аманатқа қарап отырады. Жолдан өтіп жатқан адамдар бесінші қабаттағы терезеден баланын құлайын деп жатқанын көріп, айқайлап көмек шақырады. Бала бір қадам басса құлайын деп тұр.
Бірақ қайдан келгені белгісіз бір әйел баланы көтеріп, құтқарап қалады. Адамдардың бәрі әйелдің ерлігіне қол шапалақтап, құрмет көрсетіп жатты. Бұл уақытта Аманаттың әжесі көрші үйге бір зат алуға кеткен екен. Баланы құтқарған әйелдің кім екені жұмбақ болып қалды.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда жанағы әйел Анардың рухы болып шықты. Ана жүрегі қашанда баласы үшін жан қиярға дайын екені анық.
Өзі о дүниелік болып кетсе де баласын әркез қорғап жүретін Ана, шіркен, неткен мейірімді жан еді?!