РЕНТГЕН көз тигенді анықтайды екен

РЕНТГЕН көз тигенді анықтайды екен

Көз әлсіз, энергетикалық жағынан қорғалмаған немесе әлсіз қорғалған адамға тиеді. Адамның көз тиюге де, дуаға да сенбегені дұрыс. Бірақ, өкінішке орай, бір нәрсеге сенбеу жүз пайыздық қорғаныс әкелмейді.

Көз тиюден, дуадан дінге сенетіндер де, сенбейтіндер де, идеалистер де, материалистер де, демократтар да, коммунистер де сақтандырылмаған. Егер олай болмаса, онда барлық белгілері көз тию мен дуаға ұқсас созылмалы қажу синдромы пайда болмас еді. Кейбір адамдармен араласу қуаныш әкеліп, жаңадан күш сыйласа, енді біреулерден қатты шаршап, өзімізді жайсыз сезінетінімізді бәрі біледі. Егер сол адаммен байланысымызды үзсек, онда шаршағандық басылса, бұл қарапайым вампирлік. Ал егер олай болмаса ше?

Биоөрісі әлсіз және мінезі ынжық адамдарға биоөрісі күшті және мінезі қатты кез келген адам көз тигізе алады. Көз тию – бұл бір адамның екінші адамға теріс биоэнергетикалық әсері. Ол көз тиген адамның қоршаған ортамен энергия алмасуын бұзады. Көз өткен адамның биоөрісінде энергетикалық «тесіктер» пайда болып, солар арқылы адам бойындағы энергия ағып кетеді. Сіздің ағзаңыз энергия сіңіретін бір немесе бірнеше чакралар керісінше жұмыс істей бастағанын елестетіңізші. Бұл тесік бөшке сияқты, ішіндегі су фонтан болып атқылайды. Қалған тесілмеген чакралар жұмсалған энергияның орнын толтыра алмайды. Оның үстіне әр чакраның өз міндеті болады. Таңертең оянып, кешке жатуға сіздің күшіңіз жетпейді. Әлсіздік.

Көз тию дегеніміз – тек сіздің таныстарыңыздың бірінің саналы түрде жасаған жаман ниеті емес. Сіздің көршіңіз «Қызыңыз қандай әдемі!» дегенде, ол көршіңіздің өзі де сөзінің астарына мән бермейді, ал сөз астарында оның өз балаларына көңілі толмауы, іштарлық. Басқа біреудің өзінен гөрі бақытты екенін қаламау жатыр. Егер оның энергетикасы күшті болса, оның қызыңызға айтқан жақсы сөзі емес, санадан тыс білдірілген жағымсыз ойы тиюі мүмкін. Қызыңыз кенеттен әлсіреп, жиі суықтап қала беретін болады. «Көз тиді...». Көптеген аналар балаларының суреттерін жұмыс орнында көпшіліктің көз алдында ұстайды. Бұл дұрыс емес, өйткені сурет арқылы да көз тиюі мүмкін.

Сізді көре сала мақтай жөнелетін адамдардан аулақ жүріңіз, өйткені олардың сылдыр мақтауларының аржағында көбінесе жайсыз ойлар жасырынып жатады. Егер сізде биоэнергетикалық қабық берік болмаса, онда оны тесіп өту қиын емес.

Егер іштарлық пен жамандық тілеу саналы түрде әрі шынайы болса, ашық түрде айтылса, оның жүзеге асуына мүмкіндік көбірек. Бұндай жағдайда тіпті биоэнергетикасы онша дамымаған адамның өзі айтарлықтай зиян келтіре алады. Әсіресе, жеті чакралардың бәрі бүлігені аса қауіпті.

Теріс биоэнергетикалық әсерлерді анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Көз тию мен дуаның белгілері ұқсас. Бәрінен бұрын бұл айқын көрінетін психикалық және физикалық астения, шаршау, қажу, өзін-өзі ұстай алмау, шыдамсыздық, төзімсіздік, ұйқының бұзылуы, ұзақ дене еңбегі мен ой еңбегіне қабілетсіздік, қатты дыбыстарды, жарықты, өткір иісті жақтырмау. Психикалық белгілері, әдетте, қамығудан, ашуланшақтықтан, ерік-күшінің жартылай немесе толық жоғалуынан көрінеді. Тәбет қашып, жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Түрлі дәрігерлерге барып, ем таппаған көз тиген немесе дуаланған адамдардың психиатриялық ауруханалардан бір-ақ шығатыны жиі кездесіп жатады. Психиатрлар бұндай науқастарға шизофрения ауруы деген диагноз қояды. Бірақ бұндай «шизофренияны», сол сияқты басқа да психикалық ауруларды дәрігерлер де, науқастардың өздері де емдей алмайды.

Көз тигенді анықтау үшін емшілер түрлі тәсілдерді қолданады. «Рентген» анықтау тәсілі көз өткен чакралардағы дақтарды бірден көрсетеді. Ауруды өзіңізге қырын қаратып қойып, бір-біріне параллель қаратылған алақандарды (бірі кеуде жақта, екіншісі арқада) жоғарыдан төмен қарай жүргізіп, қай жақтан қай чакра бұзылғандығын анықтауға болады. Емшінің қолы бұзылған чакраның тұсына келгенде тебілген қол көз тигеннің орнын анықтайды.

Көз тигенді биолокация әдістерімен анықтаудың кез келген ауруды анықтау тәсілдерінен айырмашылығы жоқ. Көздің биолокациясы рамканың, қолдың және маятниктің көмегімен «сұрақ-жауап» әдісін қолданып жүргізіледі. Сұрақ-жауаптардың мысалдары төмендегідей:

– Менің алдымдағы адамға көз тиді ме?

– Иә.

– Көз тию әдейі жасалған ба?

– Иә.

– Ер адамның көзі тиді ме?

– Жоқ.

– Әйел ме?

– Иә.

– Ол әйел елуде ме?

– Иә.

– Ол ашық сары ма?

– Жоқ.

– Қара торы ма?

– Иә.

Осылайша көз тиюдің қыр-сырын анықтайтын сұрақтарды қоюға болады.

Түрлі әдістермен көз тигенді анықтау барысында көз тиюдің түрлі жағдайлары анықталып жатады. Көз тиюдің негізгі себептері және қозғаушы күші адамдар арасындағы іштарлық, жағымсыз қарым-қатынас, жек көрушілік және басқа теріс эмоциялар болып табылады. Көз тию әдейі жасалған және ойластырылған болады. Әдейі жасалмаған көз тиюдің басты себебі – менмендіктің ең бір күшті көрінісі – іштарлық. Іші тар адамдар, әдетте, вампирліктен зардап шегеді. Іштарлық дегеніміз – басқа адамның жақсы тіршілігінен, табысынан туындаған сәтсіздіктің, реніштің салдары. Іштарлық күшті болған кезде, іші тар адамның биоөірісінің дірілі ол іштарлық көрсеткен адамның энергетикалық орталықтарындағы (чакраларының) кеуденің бір жағынан бұзады. Нәтижесінде жұп шұңқырлардың бірі өзінің айналысын жоғалтады да, кеуденің екінші жағындағы өз жылдамдығы мен дірілін жоғалтпаған шұңқырдың әсерінен оған қарама-қарсы емес, адам биоөрісінің ішіне қарай айнала бастайды. Осылайша чакра бос жұмыс істейді. Бұзылған чакраның санына байланысты адам ағзасындағы түрлі органдар мен органдар жүйесінің жұмыстары бұзылып, содан кейін органикалық өзгерістер бел ала бастайды.

Егер көз тию нәтижесінде энергетикалық бұзылыс бірінші чакрада орын алса, онда оның бастапқы белгілері қамығу және үрей болады. Одан кейін иіс сезу бұзылып, зәр шығарудың төменгі бөліктері мен сыртқы жыныс органдарының жұмысында ақау пайда болады. Психологиялық тұрақсыздық пен өз-өзіне сенімсіздік туады.

Егер көз тию нәтижесінде екінші чакра бұзылса, алғашқы белгілері ішкі жайсыздық пен жыныстық невроздар болады. Содан кейін зәр шығару жүйесі (алдымен, оның ішкі органдары), дені сау ұрпақ әкелу қабілеті, ішек жұмысы бұзылады.

Көз тигенненбұзылған үшінші чакра жүйкелердің шоғырланған жерінде жайсыздық, үрей сезімін тудырып, асқазан, бауыр, өт қабы, вегетативтік жүйке жүйесі жұмыстарын бұзады.

Көз төртінші чакраныбұзған кезде күйзеліс пайда болып, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруға ұшырайды.

Егер көз тиген орын бесінші чакра болса, онда мойынның алдыңғы жағында жайсыздық байқалады, эмоционалдық тұрақсыздық артып, тыныс алу органдары мен жоғарғы бөлімнің ас қорыту органдарының, қалқанша безінің аурулары басталады, шығармашылық қабілеті мен сұлулықты сезінуі төмендейді.

Алтыншы чакрағакөз тиюорталық жүйке жүйесінің ауруларына, психикалық ауруларға (мидың төменгі бөлігінің залалдануына), сол көзің, құлақтың, мұрынның ауруларына алып келеді, айлау деңгейі, зейінділік, ерік-күш төмендейді.

Жетінші чакраға көз тигендебәрінен бұрын мидың жоғарғы бөлігі мен оң көз зардап шегеді, қабылдау қабілеті, руханилық пен түйсік төмендейді.

Егер көз тиюдің негізі іштарлық болса, ол бір адамның екіншісіне деген жек көрушілігінен туындайды. Жек көрушілік – біреуге жамандық ойлау, қастық, ыза, жиіркеніш. Жек көрудің биоэнергетикалық дірілі іштарлыққа қарағанда әлдеқайда күшті. Іштарлық етуші өзінің қызғанышын жасыра алады, ал жек көрген адам керісінше өзін ұстай алмай, ширығып тұрады. Іштарлық нақты бір нысандарға бағытталады: біреудің әдемілігін, күшін, денсаулығын, зиялылығын, дарынын және т.б. ерекше қасиеттерін қызғану. Сондықтан іштарлықтан болған көз тиюде ағзаның қандай да бір органдары мен жүйелерінің жұмысын басқаратын чакраларға зиян тигізеді. Әдетте, әдейі жасалмаған көз тиюде екі-үш чакрадан артық бүлінбейді.

Жек көру әдетте нақты негізде немесе санадан тыс пайда болады. Қалай болған күнде де қастық, ыза және жиіркену сезімдері нақты бір адамға бағытталады, сол адам оған жау болып көрінеді.

Әдейі жасалған көз тиюде күшті теріс (қара) энергетика адамдардың жекелеген чакраларын ғана емес, олардың көпшілігін (төртеуден кем емес) немесе барлығын зақымдайды, бұл денсаулық үшін де, көз тиген адамның өмірі үшін де аса қауіпті.

«Суға кеткен тал қармайды» дейді. Ал көз тиген адамның бұндай мүмкіндігі жоқ. Бұл қауіпті, өте қауіпті. Көз тиген адам әлсірейді. Ал өзін физикалық немесе психикалық жағынан кемшін санайтын адамдар бұндай жағдайда қандай да бір күшке ие болса, онда «күш барда ақылдың керегі жоқ» қағидасына сүйеніп, түрлі теріс әрекеттерге барады. Дәрігерлерге сенсек, созылмалы қажу синдромы – инфекция, ал емшілер бұны энергетикалық инфекция деп қарайды. Егер бұл шынымен де инфекция болатын болса, онда оның күші қандай болмақ?!

Әдейі жасалған көз тию, дуаның белгілері әдейі жасалмаған көз тиюдегі сияқты, тек ол анағұрлым күші және әсер ету аумағы кең болады. Және өкініштісі, әдейі тиген көз әдетте өте тез болады.

vk.com 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста