“Құс киесі ұрған” жігіттің түрмедегі тағдыры

“Құс киесі ұрған” жігіттің түрмедегі тағдыры

Ақтөбедегі түрмелердің бірінде Нұржанның жазасын өтеп жатқанына биыл үшінші жыл. Жасы 45-тен асқан жігіт өз өмірінің астан-кестен болғанын “құстың киесі ұрғанымен” байланыстырады. Абақтыға түсіп, өткен өмірін бажайлаған жігіт “Керек. info” тілшісімен жанын жегідей жеген сырымен бөлісті.

 

Нұржан - ауыр қылмыс жасаған жігіт. Осыдан үш жыл бұрын 15 жылға бас бостандығынан айрылды. Өзі соңғы үш жылдың үш ғасырға татығанын айтады. Күнде көретіні – тар қапастағы тағдырластары мен тарс-тарс етіп жабылатын темір есік ғана. Ол өзін жеті қат жердің астына түсіп кеткендей сезінеді. Бармақ шайнағаннан пайда жоқ. Алдағы 12 жыл бойы паналайтын жері – осы.

 

Нұржан көпбалалы отбасынан шыққан. Әке-шешесі қатарынан қалдырмай өсіреді. Барлық ауыл балалары секілді қоңырқай тірліктің дәмін татқан. Алдыңғы аға-апаларынан қалған киімді киіп, барды қанағат тұтып өскен.

 

Арада қырық жылға жуық уақыт өтсе де Нұржанның жадынан шықпай қойған бір көрініс бар.Сол көрініс ояу отырса – есінде, ұйықтаса – түсінде. Әсіресе, абақтыға түскелі бері жадынан бір сәтке де шықпайтын болып алды.

 

Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезі. Досы екеуі далаға ойнауға шығады. Ауыл сыртындағы ағаш басында сұңқылдап тұрған құсты көреді. Жүгіріп барып, ұясына тап береді. Ұядағы балапандарды алып, аяқтарымен езгілеп, аяусыз өлтіреді.

 

- Құстың балапандарын өлтіріп болған соң шыр-шыр еткен анасына көзім түсіп кетті. Екі көзі мөлтілдеп маған қарап тұр екен. Денемді тоқ ұрғандай болды. Сол картина күні кешегідей жадымда. Сол күннен бастап өмірде қиындықтар көбейіп кетті. Сол күннен бастап мен оңғаным жоқ. Мені құстың киесі ұрды,-дейді Нұржан.

 

Араға біраз уақыт салып, Нұржанның анасы аяқ астынан қайтыс болады. Артынша екі апасы бірден дүние салады. Осылайша 10 жасында жетімдіктің қамытын киеді. Ішсе асқа, кисе киімге жарымайды. Ауыр күндерді бастан кешіреді. Жақсылыққа ұмтылғанымен, жамандық алдынан кесе көлденең тұра қалады. Маңдайын тас пен тауға соға жүре ақыр соңында қылмыс жасайды. 15 жылды арқалап кете барады. Қазір өткен іске қатты өкінеді. Бірақ қолынан келер қайран жоқ.

 

Темір тордың ар жағында отырған Нұржан әр минут, әр секунд сайын өткен өмірін есінен бір шығарған емес. Шығара алмайды да. Тіпті, көз жасы да оған көмектесе алмай келеді.

 

Айтуынша, балалықпен істегені барлық өмірін бүлдірді. Бумеранг заңын білмейтін бала балапандарды айуандықпен өлтірді. Өзін сол құстың киесі ұрғанына қазір еш шүбәсі жоқ.

 

- Мен кезінде құстың балапандарын аяғаным жоқ. Есесіне өмір де мені аямады. Апаларым бар. Олар мені сағынып күтіп отыр деп айта алмаймын. Түрмеден шыққан күні әке-шешемнің әруағы үшін амалсыздан қарсы алар. Бірақ құшақ жая күтетіндеріне аса сенімді емеспін. Мендей кісіге кім сенім артсын?-дейді Нұржан.

 

Бүгінде Нұржан 46-ға аяқ басты. Ет жақындары Ақтөбе облысындағы аудандардың бірінде тұрады. Ол әлі 12 қыс пен 12 жазды тар қапаста өткізуі тиіс. Тағдырдың әлі де қандай тосын сыйы барынан бейхабар. Бостандықтағы өмірін де елестете алмайды. Бірақ жақсылықтың жақсылық, жамандықтың жамандық болып қайта оралатынына күмәнданбайды. Бумеранг заңын әлі ешкім өзгерткен жоқ!

 

 

kerek-info.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста