Қасқырдың тектілігі туралы не білесіз?

Қасқырдың тектілігі туралы не білесіз?

Қасқыр текті жыртқыш, дегдарлығы сол, апанына кіріп барған адамға қарсы шаппайды. «Қасқыр апанында қайырымды» деген мәтел осыдан қалған. Кәнігі аңшылар оның осы дегдарлығын пайдаланып апанына түседі де күшіктерін қапқа салып алып кетеді. Тек бір бөлтірікті ғана қалдырып, оның тірсегін қиып кетеді. Мұндайда ана қасқыр ырылдап айбат шеккенімен бас салып қауып тастамайды. Тек теріс айналып, апанының түбіне қарай тығыла береді. Мұнысы қазақтың «үйіңе келген адамға үйдей пәлеңді айтпа» дегеніне немесе үйге кірген жыланға да ақ құйып шығаратын қонақжайлылығына ұқсайды. Мақұлық та болса керемет тектілік, керемет төзімділік емес пе!
Қасқырдың күшігін алатындар біреуін тірі қалдырып кететін себебі, біріншіден, хайуан да болса бауыры құр қалмасын деген аяушылық, екіншіден, күшігін алдырған қасқыр қораға түсіп, малға шауып лаң салмасын деген сақтаныш. Өйткені қасқыр дегдарлығымен қатар асқан кекшіл, қайсар әрі айлакер жыртқыш. Егер күшіктерін түгел алып кететін болса, алушыны өкшелеп келіп сол ауылдың малын қынадай қырады. Ертеңді-кеш мал мен жанға еш тыныштық бермейді. Ал аңшылардың аман қалдырған бір күшіктің тірсегін қиып мүгедек қылып кететіні, ертең өскенде малға шауып залал келтірмесін деген сақтану. Тілерсегі қиылған бөлтірік артқы екі аяғын сүйретіп, қиралаңдап қалады. Жетілген кезінде оны соғып алу да оңай.
Түз жыртқышының тағы бір тектілігі апанына жақын маңдағы ауылдың малына еш зәбірін тигізбейді. Бөлтіріктері абайсызда жақын ауылдың қозы-лағының біреуін тамақтап тастаса немесе өлтіріп қойса оны кәдімгідей жазалайды. Өлген төлдің орнына алыс ауылдардан басқа бір бөтен қозыны немесе лақты арқалап әкеліп, құдайы көршісінің малын түгендеп, шығынын толтырып қояды. Бұл енді естілік пе, тектілік пе, қалай десек те жарасады.
Осы орайда бір қызықты оқиға есіме түсіп отыр. Менің кішірек кезімде бір жылы жайлауға көшіп келгенімізде қораның дәл ортасына қасқыр апан қазып, күшіктегенін көріп қайран қалғанымыз бар. Адамның өзіне деген жаулығын сезіне тұрып, бұлай етуінің сыры неде екені біз үшін тіптен жұмбақ. Қалайда мұны жақсылыққа жорыған әкеміз бізге оның күшіктеріне тимеуді, қасқырдың өзін де үркітпеуді қатаң тапсырды. Қара құлақтана келе бөлтіріктері ауылдың қозы-лағымен араласып, асыр салып жүретін болды. Ал ана қасқырдың өзі жақын маңдағы көрші-көлемді торуылдамай шалғайдан нәпақа іздейтін жырынды барымташылар секілді алыс ауылдардың малынан несібесін айырып жүрді.
«Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» дейді халық өлеңінде. Оның бауырмалдығы жөнінде мынадай бір әңгімені жуықта Ақтау кентінде тұратын Аманкелді Имашұлы деген замандасымнан естідім. Өзі мерген, аңшылықпен көп айналысқан жігіт еді. Қасқырды ұлып, шақырып атады. «Бірде қасқырдың апанына кез болдым. Ішіне түссем енесі жоқ, тек күшіктері ғана ұмар-жұмар болып жатыр екен. Бауырларын жаңа көтерген тәрізді. Оларды алуды кейінге қалдырып қаншық қасқырдың келуін күтіп жасырынып жаттым. Күн еңкейген тұста ауызында тістеген азығы бар, солаң етіп жетіп келді. Жалғыз оқпен жайраттым да күшіктерін тірідей қапқа салып, енесімен бірге бөктеріп алдым. Апанға бір күшікті қалдырдым да әншейін әуестікпен құлағына ен салып кеттім. Ондағы ойым тірі қалған күшікке бола апанға арланның айналып соғатынын білемін. Сол кезде оны да жайратпақшымын.
Дегенмен қасқыр інін аптадай торуылдасам да арланды қанжығаға байлаудың сәті түспеді. Апандағы ойранды көріп басқа жаққа ауып кетті ме, әлде басқа бір мергеннің нысанасына ілінді ме, ол жағын біле алмадым. Ақыры, неде болса өзім қалдырып кеткен бөлтірікті алайын деп апанға түссем әлгі ен салған жалғыз күшігім жоқ. Нағыз апанға түсіп күшік алатын жазғытұрымғы мезгіл ғой, сол төңіректі тіміскілеп жүріп кешікпей тағы бір апанның үстінен шықтым. Апанда ересек қасқырлар жоқ екен, әдетімше, күшіктерді желкесінен көтеріп бір-бірлеп қапқа сала бастадым. Мына қызықты қараңыз, алты күшіктің біреуінің құлағында ені бар екен. Бажайлап қарасам, баяғы өзім салған ен. Әуелі аң-таң болдым. Соңынан түсіндім. «Қасқыр екеш қасқыр да жетімін жалғыз тастамай бауырына басады екен ғой. Жат та болса өз нәсілін жауға қалдырмай асырап бағады екен ғой» деген ойға келдім» деп еді Аманкелді әңгімесін толғана аяқтап.
Мен де терең ойға қалдым. «Қазақстанда 42 мың жетім бар екен. Соның бір бөлігі жаттың қолында шекара асып кетіп жатыр.Түз тағысының бойынан табылған таңғажайып тектілік, бауырмал-мейірімділік біздің халқымыздың бойынан табылмағаны ғой, сонда» деп қапаландым…
Аманжол Ақынұлы Мақала namys.kz сайтынан алынған (тақырып өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста